Егістік күнзе

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Егістік күнзе
image
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Apiales
Тұқымдасы: Apiaceae
Кіші тұқымдасы: Apioideae
Тайпасы: Coriandreae
Тегі: Coriandrum
Түрі: C. sativum
Екі-есімді атауы
Coriandrum sativum
L.

Егістік күнзе (лат. Coriandrum sativum) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөп тектес өсімдік.

Сипаты

 | ]
  • Биіктігі 30-70 см-ге жуық.
  • Сабағы жұмыр, түзу әрі жоғарғы жағында жайыла өседі. Төменгі жағындағы жұмыртқа тәрізді сүйір жапырақтарының сағақтары ұзын, екі-үш бөлімді, сабақтың жоғарғы жағындағы жапырақтары отырмалы, құстың қауырсыны секілді бірнеше жіңішке, ұзын бөлімдерге бөлінген.
  • Гүлдері майда, ақ немесе ашық қызыл түсті, гүл жапырақшалары бесеу, қолшатыр тәрізденіп шоғырланып тұрады.
  • Шілде айынан тамыз айына дейін гүлдейді, жемісі тамыз-қыркүйек айларында піседі. Жемісі піспей тұрғанда өсімдіктен қандаланың иісіне ұқсас жағымсыз иіс шығады. Жемісі піскеннен кейін хош иіс аңқиды.
  • Егістік кориандр мәдени өсімдік ретінде егіледі. Кей жерлерде жабайыланып кеткендері де кездеседі.

Емдік қасиеті

 | ]
  • Дәрілік мақсат үшін жемісін жинап алады.
  • Құрамы: эфир майлары, оның ішінде линелол, терпендер және майлар, белоктар, алкалоидтар.
  • Өсімдіктің жемісінен жасалған дәрілердің өт айдайтын, қақырық түсіретін, микробтарды жоятын, денедегі ауырған жерлерді тыныштандыратын, тамаққа тәбетті арттыратын және геморрой ауруы үшін шипалық қасиеттері бар.

Тағы қараңыз

 | ]

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Егістік күнзе туралы ақпарат, Егістік күнзе дегеніміз не? Егістік күнзе нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *