Салаттық көкөністер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
image

Салаттық көкөністер — жапырағы тағам ретінде пайдаланылатын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Негізінен бір жылдық салаттық дақылдардың түрлі сорттары кең тараған.

Өсіп-өнуі мен жапырақ формасының сипаты бойынша салат сүттіген немесе жапырақты кресс-салат деп екіге бөлінеді. Барлық салатқа тән ерекшелігі тез піседі және суыққа төзімді. Салат көгін парниктер мен жылыжайларда қыста да, ерте көктемде де, ал ашық топырақта жаздық басында өсіруге болады.

Салаттың құрамында каротин (А провитамині), 10—15 мг процент С дәрумені, В тобының витаминдері, сондай-ақ минералды заттар бар.

Сүттіген немесе жапырақты салат

 | ]

Салаттық көкөністердің қаудансыз жапырақты сорттарынан белгілісі — Московский парниковый, қауданды сорттарынан тез пісетін Каменная желтоголовый, ертерек пісетін сорттарынан — Майский, Берлинский желтый; кешірек пісетін сорттарынан — Крупнокочанный; кеш пісетін сорттарынан — Ледяная гора сорттары.

Кресс-салат

 | ]

Кресс-салат көктемде өсіріледі. Бір ерекшелігі өте тез өседі (15—20 күн). Сондықтан оны көктем салаты деп те атайды.

Дереккөздер

 | ]
  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Салаттық көкөністер туралы ақпарат, Салаттық көкөністер дегеніміз не? Салаттық көкөністер нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *