Бір жасушалылар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
image
Бір клеткалылар

Бір жасушалылар – бүкіл денесі бір ғана жасушадан құралатын организмдер. Б. к. өздерінің құрылымына қарай: прокариотты және эукариотты болып бөлінеді. Прокариоттыларға жасуша ядросы болмайтын бактериялар және көк-жасыл балдырлар немесе цианобактериялар жатады. Эукариоттыларға жасуша ядросы бар, митоз жолымен бөліне алатын жасыл балдырлар және қарапайымдар жатады. Б. к-дың көпшілігін тек микроскоп арқылы көруге болады. Бұлардың көлемі 2 мк-нан 3 см-ге дейін жетеді. Пішіні әр түрлі. Б. к-дың арасында денесі өте қарапайым құрылысты (хлорелла, амеба), сондай-ақ күрделі құрылысты (ацетабулярия, инфузория) болып келетіндері де бар. Б. к. теңізде, өзенде, шалшықты суларда, құрлықта да кездеседі. Олардың арасында басқа жануарларға жем болатын, сондай-ақ адам мен жануарларды ауруға шалдықтыратын түрлері де кездеседі.

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақ Энциклопедиясы

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Бір жасушалылар туралы ақпарат, Бір жасушалылар дегеніміз не? Бір жасушалылар нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *