Кариб теңізі
Кариб теңізі, Кариб теңізі – Атлант мұхитындағы жартылай тұйық теңіз. Орталық және Оңтүстік Америка құрлықтары аралығында, Үлкен және Кіші Антиль аралдары арқылы Атлант мұхитынан бөлініп жатыр. *Аумағы 2777 мың км², ең терең жері 7491 м. Суының орташа көл. 6745,3 мың км3. Жағалауларының кейбір жерлері таулы, кейде ойпатты келген. Батысы және Антиль аралдары бөлігі маржан (коралл) рифтерімен шектелген.
- Ірі шығанақтары: Гондурас, Дарьен, Венесуэла;
- Ірі аралдары: Куба, Гаити, Ямайка, Пуэрто-Рико.
- Климаты тропиктік. Солтүстік бөлігінде теңіз дауылдары болып тұрады. Беткі ағысы шығыстан батысқа қарай бағытталған, жылд. 1 – 3 км/сағ, *Юкатан бұғазы маңында 6 км/сағ.
- Суының температурасы қыс айларында 25С, жазда 28С, тұзд. 36‰ шамасында.
- Теңізде балық аулау және маржан жинау кәсіпшілігі дамыған.
- Панама каналы арқылы Атлант және Тынық мұхиттарды байланыстыратын қысқа теңіз жолы қалыптасқан.
- Негізгі порттары: Маракайбо, Ла-Гуайра (Венесуэла), Картахена (Колумбия), Лимон (Коста-Рика), Колон (Панама), Санто-Доминго (Доминика Республикасы), Сантьяго-де-Куба (Куба).
- Теңіздің экономикалық және стратегиялық маңызы зор.
Кариб теңізі | |
![]() | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 2 753 000 км² |
Көлемі | 6 860 000 км³ |
Тереңдігі | 7686 м |
Орташа тереңдігі | 2500 м |
Орналасуы | |
14°31′32″ с. е. 75°49′06″ б. б. / 14.5256° с. е. 75.8183° б. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 14°31′32″ с. е. 75°49′06″ б. б. / 14.5256° с. е. 75.8183° б. б. (G) (O) (Я) | |
![]() |
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() | Бұл — география бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Кариб теңізі туралы ақпарат, Кариб теңізі дегеніміз не? Кариб теңізі нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!