Жабық жотасы
Жабық – Жетісу Алатауы тауының шығысында орналасқан жота, Алакөл өңірінің жазғы жайлауы. Теңіз деңгейінен 2500-2600 м биіктікте жатыр.
Жабық жотасы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | |
Биіктігі | 3130 м |
Орналасуы | |
45°20′37″ с. е. 80°29′56″ ш. б. / 45.34361° с. е. 80.49889° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 45°20′37″ с. е. 80°29′56″ ш. б. / 45.34361° с. е. 80.49889° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер |
|
| |
|
Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 3130 м. Жазғы жайлауға Тік, Қарағайлы және Көл асулары арқылы шығуға болады. Тау шатқалында Жасылкөл көлі орналасқан. Суы мөлдір, таза. Жабық жотасындағы Майтөбе, Жаманкүнгей, Бұжыр, Шатыр қыраттары мен Ойжайлаудың шөптері шүйгін әрі малға өте жұғымды. Қайнар мен тұмалары көп, суы мол. Айнакөл, Оразбай сайы, Қараой бастауларынан қосылған бұлақтар Үпі шатқалымен төмен ағып, Ырғайты өзеніне қосылады.
Ауа-райы
Күні бұлыңғыр, жауын-шашынды, аспанды бұлт торлап, ашық күні сирек болғандықтан оны «Жабық жота» деп атаған. Түні салқын, дүркін-дүркін қарлы бұршақ жауып тұрады. Биік жоталарының солтүстік шатқалдарында жазда да қар жатады.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
- Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Жабық жотасы туралы ақпарат, Жабық жотасы дегеніміз не? Жабық жотасы нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!