Қызылқарағай жотасы
Қызылқарағай (орыс. Листвяга) – Алтай таулары жүйесінің оңтүстік-батыс бөлігіндегі жота.
Қызылқарағай жотасы | |
![]() Қызылқарағай жотасы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | Алтай таулары |
Ұзындығы | 120 км |
Биіктігі | 2783 м |
Орналасуы | |
49°28′28″ с. е. 86°14′32″ ш. б. / 49.47444° с. е. 86.24222° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°28′28″ с. е. 86°14′32″ ш. б. / 49.47444° с. е. 86.24222° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер |
|
| |
|
Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Алтай, Қатонқарағай аудандары және Ресей Федерациясы шекарасында орналасқан.
Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 2783 м. Бұқпа, Көкжота, Теснинский Шпиль, т.б. биік таулардан тұрады. Бұқтырма және Қатон өзендерінің суайрығы. Солтүстік-батыстан шығысқа қарай 120 км-ге созылған. Шығысындағы таулы үстірт қатты тілімделген. Батысынан Шихалиха, Мансиха, Большая Речка, Бобровка, Лукина, Черновая, т.б. өзендер бастау алады.
Геологиялық құрылымы
Эффузивтік жыныстардан, құмтастардан түзілген. Тау жоталарының биік белдеулерінде тектоникалық процестердің әсерінен пайда болған Черновское, Маралды, т.б. көлдер бар.
Өсімдігі
Беткейлерінде қарағай, қайың және самырсын орманы, 2000 м-ден жоғары субальпі және альпі шалғыны өседі.
Дереккөздер
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қызылқарағай жотасы туралы ақпарат, Қызылқарағай жотасы дегеніміз не? Қызылқарағай жотасы нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!