Османлы байрағы
Османлы байрағы ұғымы Османлы әулетінің сұлтандары қолданған байрақтардың кез келгенін білдіреді. Ұлы Османлы Мемлекетінің тарихында түрлі байрақтар қолданылған, сұлтанның өзі де мемлекеттік саясатқа байланысты түрлі жағдайларда түрлі байрақтарды іліп отырған. Османлы империясының әлеуметтік және саяси құрылымының күрделілігінен оның тарихында шынайы "ұлттық" байрақ тек 1844 жылы ғана қабылданған. Ол жылы 1793-1844 жылдары қолданылған Османлы әскери-теңіз күштерінің байрағы Танзимат реформаларының шараларының бірі ретінде Ұлы Османлы Мемлекетінің ұлттық байрағы ретінде қабылданды. Ол байрақ Түркия Республикасында әлі де қолданылады. Оның өлшемдерінің геометриялық арақатаныстары 1936 жылы арнайы заң арқылы бекітілді.


Мемлекеттің соңғы кезеңінде жұлдызды-айшықты (бұндағы жұлдыз — бес тармақты жұлдыз) байрақтың қолданылғаны фотосуреттер арқылы жақсы айғақталған. Ұлы Османлы Мемлекетінің соңғы кезеңінде қабылданған байрақ және одан кейінгі Түркия Республикасының байрағы Ай Жұлдыз (түр. Ay Yıldız) деп аталғанын куәландыратын дерек көздері де бар.
Құрылу заманы (1299-1453)
- Қайыхан хандығының байрағы, 1326 жыл
- Ұлы Османлы Мемлекетінің туы, 1299-1453
- (солдан оңға қарай) Алжир теңіз қарақшыларының байрағы; салжұқ сұлтаны ІІ Масғұттың I Османға берген байрағы (1289); Османлы теңіз байрағы (XVI); Османлы әскери байрағы (XVI); Османлы әскери байрағы (XVII)
Өркендеу және даму заманы (1453-1793)
- Османлы әскери-теңіз флотының байрағы (1453-1793)
- Османлы адмирал байрағы (1453-1793)
- Мұсылман саудагерінің байрағы (1453-1793)
- Яһуди саудагерінің байрағы (1453-1793)
- Латын саудагерінің байрағы (1453-1793)
- Рим (ортодокс христиан) саудагерінің байрағы (1453-1793)
- Ұлы Османлы Мемлекетінің туы (1453-1793)
- Османлы шайқас байрағы (1500-1793)
- Ұлы Османлы Мемлекетінің туы (1517-1844)
Жаңартпа және құлдырау заманы (1793-1923)
- Барлық әскери кемелерде ілінетін Османлы әскери-теңіз байрағы (1793-1844)
- Османлы азамат және саудагер байрағы (1793-1844)
- Османлы Румелиясының байрағы
- Османлы әскерінің байрағы, яки құрлық күштері байрағы (1793-1844)
Түркия Республикасының туына байланысы
- Түркия Республикасының байрағы Ұлы Османлы Мемлекетінің 1844 жылғы соңғы байрағымен толығымен бірдей. Оның өлшемдерінің геометриялық арақатынастары 1936 жылдың 29 мамырында қабылданған арнайы заңмен бекітілді.
Сыртқы сілтемелер
- Дүниежүзі мемлекеттерінің байрақтары: Ұлы Османлы Мемлекеті
- Sosyal Medyada Şeriat Bayrağı Diye Paylaşılan Bayrağın Aslında Rumeli'den Gelmesi
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Османлы байрағы туралы ақпарат, Османлы байрағы дегеніміз не? Османлы байрағы нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!