Көксу өзені
Көксу – Балқаш алабындағы өзен.
Көксу өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 205 км |
Су алабының ауданы | 4670 км² |
Су алабы | Балқаш алабы |
Су ағысы | |
Бастауы | Басқан мұздығы |
• Координаттары | 44°58′37″ с. е. 79°57′28″ ш. б. / 44.97694° с. е. 79.95778° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Қаратал өзені |
• Координаттары | 45°01′54″ с. е. 77°56′38″ ш. б. / 45.03167° с. е. 77.94389° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 45°01′54″ с. е. 77°56′38″ ш. б. / 45.03167° с. е. 77.94389° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | |
Аймақ | Жетісу облысының Ескелді, Көксу аудандары |
Географиялық орны
Жетісу облысының Ескелді, Көксу аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 205 км, су жиналатын алабы 4670 км2.
Бастауы
Бастауын Жетісу Алатауындағы Басқан мұздығының оңтүстігінен алып, Көксу темір жол станциясында тұсында Қаратал өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Қараарық пен Қазан бастауларының қосылған жерінен Көксу аталады. Жоғарғы бөлігінде тар шатқал арасымен өтеді. Арнасының жағасы тік, биіктігі 4 м-ге жетеді. Су жайылмасының ені 5 – 10 м-ден аспайды. Ағысы қатты, суы мол. Жылдық орташа су ағымы Көксу а. тұсында 37 м3/с. Өзен суы шабындықтарды суландыруға, егін, бау-бақша суғаруға пайдаланылады.
Дереккөздер
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Көксу өзені туралы ақпарат, Көксу өзені дегеніміз не? Көксу өзені нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!