Сусарлар тұқымдасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Сусарлар тұқымдасы
Қазбалық ауқымы: 15–0 Ma
ПреК

Early Миоцен – Recent
image
Аққалақ
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Ықшам табы: Ұрықжолдастылар
Сабы: Жыртқыштар
Кіші сабы: Иттәрізділер
Ұлы тұқымдасы: Musteloidea
Тұқымдасы: Mustelidae
Григорий Иванович Фишер фон Вальдгейм, 1817
Үлгілік тегі
Mustela
Linnaeus, 1758
Кіші тұқымдастары

Сусар
Melinae
Mellivorinae
Taxidiinae
Сусарлар тұқымдасы

Сусарлар тұқымдасы (лат. Mustelidae) – жыртқыш сүтқоректілер отрядының Сусар тәрізділер кіші сабының бір тұқымдасы.

Сусар тәрізділер — жыртқыштар тұқымдастары. Денесі ұзын, икемді, аяқтары қысқа, бессаусақты, тырнақтары көрінбейді. Көпшілігі толық немесе жартылай өкшесінен басатындар; кейбір түрлерінің саусақтар аралығы жүзу жарғағымен байланысқан; теңіз камшатының артқы аяқтары жүзу ескегіне айналған. Жүні қалың, үлпілдек, көптеген түрлерінің жүні түбіттенген. Көпшілігі бір жылда екі рет түлейді. Жақсы жетілген анал бездері күшті иісті зат бөліп шығарады. 64 түрі, 24 туысы белгілі. Олар: сусар, құну, аққалақ, сасық күзендер, 13 түр, оның ішінде аққіс, аққалақ, сарыкүзен, Еуропалық және американдық су күзендері, сасық күзендер, борсықтар; тарбағаннын 3 түрі, кәмшат және теңіз кәмшаты бар. Австралия мен Антарктидадан басқа барлық жерде таралған. ТМД-да 8 туыстың 16 түрі кездеседі. Олар жерде, суда және ағаштарда тіршілік етеді. Көпшілігі моногамдар және жылына бір рет 1 ден 18 дейін бала табады. Ет жегіштер. Өте бағалы терілі кәсіпшілік және аң шаруашылық жануарлары.

Қазақстандағы түрлері

 | ]
  1. Сарғыш күзен – Mustela altaica
  2. Ақкіс – Mustela erminea
  3. Сасықкүзен – Mustela eversmannii
  4. Еуропа қара күзені – Mustela lutreola
  5. Аққалақ – Mustela nivalis
  6. Шұбар күзенVormela peregusna
  7. Тас сусары – Martes foina
  8. Орман сусары – Martes martes
  9. Борсық – Meles leucurus
  10. Итаю – Мellivora capensis
  11. Құндыз – Lutra lutra

Дереккөздер

 | ]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Сусарлар тұқымдасы туралы ақпарат, Сусарлар тұқымдасы дегеніміз не? Сусарлар тұқымдасы нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *