Жансая Әбдімәлік

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
image
Жансая Әбдімәлік (2023)

Жансая Даниярқызы Әбдімәлік (12 қаңтар 2000, Алматы) — қазақ шахматшы қызы, халықаралық гроссмейстер-әйел (2014), "халықаралық гроссмейстер" атағын Қазақстаннан алған алғашқы әйел (2021).

Өмірбаяны

 | ]

Суан тайпасының Бағыс руынан шыққан.

Алғашқы тренері – әкесі Данияр Әшіров.

2012 жылғы жастар әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2011 жылғы 20 жасқа дейінгі санатта Азия чемпионатында екінші орын көрсетті (жалпы жарыста 6.5 ұпайдан үш ойыншы жинаған - Во Ти Ким Хун (Вьетнам), Жансая Әбдімәлік (Қазақстан) және Синит Челси (Индонезия). Бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша орындар реті - вьетнам қызында 46.5, Әбдімәлікте - 43.5, ал Челсиде - 42.5.) Жансая сәйкес жасы бойынша қыз балалар арасында екі дүркін чемпион атанған.

Жансая бес жасында шахмат ойынының ережелерін үйреніп, жеті жасынан шахмат мектебінде жаттықтырушы Николай Перегудовтың жетекшілігімен әрі қарай шахмат бойынша өз білімін жеттілдірді. 2007 жылы қаңтарда өз жасындағы қыздар арасында Қазақстан чемпионы атанса, 2008 жылы да 8 жасқа дейінгі әлем чемпионатында 10/11 нәтижемен жеңімпаз атанды. Ол 2011 жылы 12 жасқа дейінгілер арасында 8/9 ұпай жинап, әйелдер арасында халықаралық шебер атағын алды, қыздар арасынды әлем чемпионы атанды.

2014 жылы өзінің жеке шахмат мектебін ашты.

2021 жылы Халықаралық Шахмат федерациясының (FIDE) шешімі бойынша халықаралық гроссмейстер атағын иеленді. Бұл атақты алу үшін Жансаяның рейтингі 2500-ден жоғары асуы қажет болып, 2021 жылы 2472-орынға орналасты.

Марапаттары

 | ]

2021 жылы желтоқсанда "Құрмет" орденімен марапатталды.

Дереккөздер

 | ]
  1. Шахматы. Жансая Абдумалик получила звание международного гроссмейстера среди женщин.
  2. Жансая Абдумалик назвала свой ру - Шахматы  (орыс.).
  3. Казахстанские СМИ дезинформируют: Жансая Абдумалик в реальности не становилась чемпионкой Азии, а заняла второе место.
  4. Жансая АБДУМАЛИК. РАССТАВЛЯЯ ТОЧКИ НАД i.
  5. https://ortcom.kz/kk/novosti/1623065459
image
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Zhansaya Abdumalik

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Жансая Әбдімәлік туралы ақпарат, Жансая Әбдімәлік дегеніміз не? Жансая Әбдімәлік нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *