Жуа тұқымдасы
| Жуа тұқымдасы | ||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Allium ursinum Allium angulosum | ||||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
| Тайпалары | ||||||||||||
|
Жуа тұқымдасы (лат. Allioideae немесе Alliaceae) – амариллистер тұқымдасына жататын дара жарнақты, жуашықты көп жылдық өсімдіктер. Жер шарында кең тараған (тек Австралияда кездеспейді), негізінен, Жерорта теңізі аймағында өсетін 30 туысы, 650 түрі белгілі. Жапырақтары тамыр түбінен шығады, пішіндері әр түрлі (таспа, эллипс тәрізді, т.б.). Жуашықтары мен жапырақтарында сүтті шырын (млечный сок) болады. Гүлдері ұсақ, көбінесе ақ, қызғылт және қара қошқыл түсті, олар жапырақсыз гүлсидамының ұшында жетіледі. Жәндіктермен, кейде колибрилермен (құс) тозаңданады. Тұқымынан және вегетативті (өсімді) жолмен көбейеді. Жемісі – қорапша. Тұқымы желмен, омыртқасыз жануарлармен (көбінесе құмырсқалармен), сумен таралады. Жуа тұқымдасына жататын өсімдіктердің барлық органдарында сарымсақ майы болады, бұл өсімдіктерге айрықша дәм және иіс береді. Бұлар бағалы тағамдық, мал азықтық, дәрілік және сәндік өсімдіктер болып саналады.
Дереккөздер
| ]- "Қазақ Энциклопедиясы"
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- Амариллистер
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Жуа тұқымдасы туралы ақпарат, Жуа тұқымдасы дегеніміз не? Жуа тұқымдасы нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!