Қызылқұм ойысы
| Қызылқұм ойысы | |
| Орналасуы | |
|---|---|
| 42°20′25″ с. е. 66°04′06″ ш. б. / 42.340275° с. е. 66.068344° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°20′25″ с. е. 66°04′06″ ш. б. / 42.340275° с. е. 66.068344° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Елдер | |
Қызылқұм ойысы – Қазақстан мен Өзбекстан елдері аумағында, Тұран плитасының Қызылқұмдағы жеке геологиялық құрылымы.
Географиялық орны
| ]Оңтүстігінде Нұратау, Тамдытау, Жетімтау, Бұққантау қыраттарымен, оңтүстік-шығысында Шатқал-Қорама тау алды өңірімен, солтүстік-шығысында Қарақтау баурайымен ұласады. Солтүстігінде Торғай ойысынан Орталық Қызылқұм күмбезі арқылы бөлінген.
Геологиялық құрылымы мен жер бедері
| ]Тектоникалық құрылымы жағынан Қызылқұм ойысы 3 құрылымдық ярустан тұрады. 1-ярус саналатын ойыс табанын (500 — 3000 м тереңдікте) геосинклиналдық жағдайда жаралып, қатпарлықтарға жиырылған, бірнеше жарылыстармен қиылған палеозойдың магмалық-шөгінді жыныстары құрайды. Опырықтар мен қазаншұңқырларды толтырған 2-ярус баяу қатпарланған пермь-триас шөгінділерінен түзілген. 3-құрылымдық ярус (қалыңдығы 500 — 2000 м) юра-бор жүйелері мен кайнозойдың құмды-сазды, мергельді шөгінділерінен тұрады. 2- және 3-құрылыстық ярус жыныстары ойыстың палеозойлық табанының құрылымын жаңартып, оларды өте жайпақ белдерге (Кемпір, Балтакөл, Босаға, Шөл — Шардара, Төртқұдық — Қызылқора, т.б.), бірнеше науаларға (Жауқаш, Арыс, Келес) бөлген. Айналасындағы палеозой құрылымдарымен салыстыру негізінде ойыстың шеттерінде алтын, темір, мыс, қорғасын-мырыш кендері, юра-бор қабаттарында мұнай-газ көздері болуы ықтимал деп жорамалданады. Бор, палеозой қабаттарында артезиан сулары бар.
Дереккөздер
| ]- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- Алфавит бойынша ойпаттар
- Қазақстан ойпаттары
- Қызылорда облысы географиясы
- Түркістан облысы географиясы
- Өзбекстан географиясы
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қызылқұм ойысы туралы ақпарат, Қызылқұм ойысы дегеніміз не? Қызылқұм ойысы нені білдіреді?





Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!