Мұзтау жотасы
Мұзтау жотасы – Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстігіндегі жоталар тобының ең биік сілемі.
Мұзтау жотасы | |
![]() Мұзтау жотасының шыңы. | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | |
Пайда болған кезеңі | Палеозой дəуірі |
Биіктігі | 4370 м |
Орналасуы | |
44°36′01″ с. е. 80°19′22″ ш. б. / 44.60028° с. е. 80.32278° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 44°36′01″ с. е. 80°19′22″ ш. б. / 44.60028° с. е. 80.32278° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер |
|
|
Жер бедері
Абсолюттiк биіктігі 4370 м. Батысында Тышқантаумен, оңтүстігінде Шақпақтас тауымен, шығысында Қытаймен мемлекеттік шекара өтетін Желдіарық өзенімен шектелген. 3700 м-ден жоғарғы бөлігін мұз басқан, одан бірнеше өзендер басталады. Тау бөктерлері тік, мұз бен су эрозиясына күшті ұшыраған. Палеозой дəуірінің герциндік тау жасалу кезеңінде пайда болған.
Климаты, өсімідік пен жануарлар дүниесі
Климаты биік таулық, орташа температурасы қаңтарда -12-16°С, шілдеде 4-8°С, жылдық жауын-шашын мөлшері 1000 мм шамасында. Топырақ жабындысы күлгін түсті жəне қара қоңыр. Бұталар мен қайыңдар аралас таудың альпілік шалғыны өседі. Шығыс бөктерінде, əсіресе, шатқалдардың солтүстік беткейінде тау орманы өседі. Жан-жануарлардан күзен, арқар, тау-теке; құстардан ұлар, т.б. кездеседі. Маңайындағы альпілік жəне субальпілік шалғындар жайылым ретінде пайдаланылады.
Дереккөздер
- Қ 18 ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫ:Энциклопедия /Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақэнциклопедиясы» ЖШС, 2012.Т.4. – 304 бет. ISBN 9965-893-84-5
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Мұзтау жотасы туралы ақпарат, Мұзтау жотасы дегеніміз не? Мұзтау жотасы нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!