Қаздар қонысы

Қаздар қонысы – республикалық маңызы бар палеонтология табиғат ескерткіші. Павлодар қаласында, Ертіс өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қала тұсындағы жағалаудағы биіктігі 15 – 20 метр жырадан (ұзындығы 200 метрге жуық) ертеде тіршілік еткен жануарлардың сүйектері табылған. Бұлар негізінен б.з. 4 – 5 миллион жыл бұрын тіршілік еткен гиппарион фаунасына кіретін жануарлар: хилотерий (жылқы тұқымдасының арғы тектерінің бірі), синотерий (мүйізтұмсықтылар), махайрод (қылыш тісті жолбарыстар), лагомерикс (бұғытәрізділер), самотерий (керіктәрізділер), кемірушілердің көптеген түрлері, т.б. «Қаздар қонысы» – гиппарион фаунасының жануарлары табылған ең бай орындарының бірі. Алғашқы қазба жұмыстары 1930 жылы жүргізілген. Бұл орын 1971 жылдан мемлекет қорғауындағы табиғат ескерткіші болып табылады.
Дереккөздер
| ]- Қазақ энциклопедиясы
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
- Қазақстан табиғаты
- Павлодар
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қаздар қонысы туралы ақпарат, Қаздар қонысы дегеніміз не? Қаздар қонысы нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!