Өркешті кит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Өркешті кит
image
image
Орташа адаммен салыстырғанда өлшемі
Амандық күйі
image
Least Concern (IUCN)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Киттәрізділер
Кіші сабы: Мұртты киттер
Тұқымдасы: Жолақ киттер
Тегі: Megaptera
Грей, 1846
Түрі: M. novaeangliae
Екі-есімді атауы
Megaptera novaeangliae
Borowski, 1781
image
Өркешті кит ареалы
Синонимдері
  • Balaena gibbosa Erxleben, 1777
  • B. boops Fabricius, 1780
  • B. nodosa Bonnaterre, 1789
  • B. longimana Rudolphi, 1832
  • Megaptera longimana Gray, 1846
  • Kyphobalaena longimana Van Beneden, 1861
  • Megaptera versabilis Cope, 1869

Өркешті кит (лат. Megaptera novaeangliae) — мұртты киттердің бір түрі. Ол әр жылы Аустралияның шығыс және батыс жағалауларына көшіп-қонып жүреді.Олар жазды Антарктикада өткізеді.Солтүстікке тек көбею үшін қоныс аударады.

Сипаттамасы

 | ]
  • Өркешті кит шамамен 45-50 жыл өмір сүреді.
  • Олардың ұзындығы 15 метрге жуық, ал салмағы 48 тоннаға дейін жетеді.
  • Жаңа туған өркешті киттің ұзындығы 4-5 м болады.
  • Өркешті кит сағатына 14,5 шақырым жүзеді.Егер олар қауіпті сезетін болса,онда сағатына 26 шақырым дейін жүзе алады.
  • Өркешті кит мұхиттың бетін, ашық мұхиттарды,сондай-ақ өте терең емес жағалауларды мекендейді.

Өркешті киттің жүзбеқанаты денесінің төрттен біріне тең болатындай өте үлкен. Денесінің ұзындығы – 5 м, кейде одан да ұзын болуы мүмкін. Өркешті киттің 400-ге жуық мұртшасы бар. Мұрттарының ұзындығы 80-85 см-ге дейін болса, ені 15 см-ге дейін жетеді. Оның денесі жұмыр, құйрық жағы жіңішкелеу, ал басы жалпағырақ болып келеді. Бұл өте көпшіл кит. Олар кейде қорегін аулауға топтасып шығады. Олар судың бетін сабалап, суды көпіршітеді. Содан кейін ғана корегін аулайды. Өркешті киттер теңіздің үлкен толқындарында қиналмай жүзеді және судың өте тереңіне сүңги алады.

Дереккөздер

 | ]
  1. Акулалар, Дельфиндер және киттер .-Алматы: "Аруна" баспасы. -Сер: "1100 қызықты деректер" ISBN 978-9965-26-553-2

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Өркешті кит туралы ақпарат, Өркешті кит дегеніміз не? Өркешті кит нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *