Инертті газ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
image
Неон атомы

Инертті газдар немесе асыл газдар – элементтердің периодтық жүйесінің VIII тобындағы химилық элементтер. Олар: гелий, неон, аргон, криптон, ксенон, радон. Инертті газдар – түссіз және иіссіз, молекулалары бір атомды, сұйылу, қату температурасы өте төмен. Аздаған мөлшерде ауада, минералдар құрамында, табиғи газдарда, еріген күйінде суда кездеседі. Сондай-ақ алып планеталар (Юпитер, Сатурн) атмосферасынан да табылған. Атомдық массаларының өсуіне қарай олардың сұйылу, қату температуралары артады. Гелий, неон, ауадан жеңіл, ал қалғандары ауадан ауыр. Инертті газдар атомдарының сыртқы электрондық қабаты басқа элементтерге қарағанда берік (гелийде 2, басқасында 8 электрон), сондықтан олар электрон беріп не алып химиялық реакцияға түспейді, яғни инертті, бірақ молекулалары арасындағы Ван-дер-Ваальс күштерінің әсерінен немесе координациялық байланыс арқылы қосылыстар түзеді. 1962 ж. америкалық ғалым Н.Бартлетт (1932) газ күйіндегі ксенон (Xe) мен [[PtF6]]-ны әрекеттестіру арқылы Xe([[PtF6]]) және Xe([[PtF6]])2 қосылыстарының қоспасын алды. Бұдан кейін [[XeF2]], [[XeF4]], [[XeF6]] және [[XeF8]] қосылыстары, сондай-ақ оксифторидтері және тіпті оттекті қосылыстары синтезделді. Бұл жаңалықтардан кейін оларды инертті деп айту қиын болды. Дегенмен, химиялық активтігі төмен болғандықтан, оларды (металдарға ұқсатып) асыл деп айта бастады. Асыл газдардың химиялық қосылыстардағы ең жоғарғы валенттілігі 8 болғандықтан, оларды нөл тобының орнына VIII топтың негізгі топшасы деп санау ұйғарылды. Инертті газдар аэростаттарды толтыру, температураны төмендету үшін, ал аргон мен неон жарық беретін шыны түтіктерде қолданылады. Сонымен қатар Инертті газдар түрлі заттарды ауа, т.б. орта әсерінен қорғауға пайдаланылады. Мысалы, балқыған магнийді аргон атмосферасында құяды.

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақ Энциклопедиясы

Сыртқы сілтеме

 | ]
  • Inert Gas


wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Инертті газ туралы ақпарат, Инертті газ дегеніміз не? Инертті газ нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *