Хаббс киті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Хаббс киті
image
Амандық күйі
Дерегі жетіксіз (IUCN)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Киттәрізділер
Тұқымдасы: Тұмсықбетті киттер
Тегі: Mesoplodon
Түрі: M. carlhubbsi
Екі-есімді атауы
Mesoplodon carlhubbsi
Moore, 1963
image

Тұмсықбетті Хаббс киті тұмсықбетті Эндрю китінің бір түрі болып табылады. Бұл киттің терісінің түсі — қара, аппақ дақтары бар. Арқа жүзбеқанаты құйрығына таяу орналасқан. Тұмсығы қатты, ауызы өте үлкен.

Аталықтары қара сұр, ал аналықтары ақшыл сұр түсті болып келеді. Аталық киттерінің тістері үлкен, олар жартылай көрініп тұрады. Олардың тек бір ғана демалатын тесігі бар. Тұмсықбетті Хаббс китінің ұзындығы 5,5 метрге дейін жетеді. Ал салмағы — 1-1,5 тонна. Бұл киттер терең сүңги алады. Негізінен, асшаяндармен қоректенеді.

Таралуы

 | ]

Тұмсықбетті Хаббс киті Солтүстік Мұзды мұхитының жылы суын мекендейді. Тұмсықбетті Хаббс киттерін Солтүстік Тынық мұхитында, Жапония, Хонсю жағалауының солтүстік жағында және батыста Британдық Колумбия жағында, оңтүсікте Калифорния, Сан-Диего маңынан кездестіруге болады.

Дереккөздер

 | ]
  1. Акулалар, Дельфиндер және киттер .-Алматы: "Аруна" баспасы. -Сер: "1100 қызықты деректер" ISBN 978-9965-26-553-2

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Хаббс киті туралы ақпарат, Хаббс киті дегеніміз не? Хаббс киті нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *