Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ордамәлік хан |
| Лауазымы |
|---|
| |
|---|
| қыркүйек 1361 — қазан 1361 |
|---|
| Тәж кигізу жорасы | 1361 |
|---|
| Ізашары | Темір Қожа хан |
|---|
| Ізбасары | Келдібек хан |
|---|
| Өмірбаяны |
|---|
| Династия | Тоқа Темір |
|---|
өңдеу  |
Ордамәлік хан — 1361 жылдың қыркүйек-қазан айларында билік еткен Алтын Орда ханы. Есімі «орданың билеушісі» деген мағына береді. Ордамәлік Жошы ханның он үшінші ұлы Тоқа Темірдің ұрпағы болатын. Тоқа Темірдің ұрпақтары оған дейін Алтын Орда тағына үміткерлік еткен емес. Алайда Тоқа Темір ұрпақтарының абыройы Орданың батыс бөлігінің билеушісі қият Теңіз Бұға тақтан тайдырылып, таққа Тоқа Темірдің ұрпағы Қара Ноғай келгеннен бастап артқан болатын. Шибандық хан Құзырдың өлімінен соң 1361 жылы таққа оның ұлдары Мұрад пен Темір Қожа таласты. Темір Қожа жоғарғы билікті өз қолына алып, Сарай қаласын басып алды. Бірақ Мұрад жеңілмеген еді, ол Гүлстанда тұрақтады. Осы уақытта тақ таласына шығыстан келген Ордамәлік араласты. Темір Қожа Сарайдан қашып кеткен соң, жергілікті атқамінерлер таққа Мұрадты отырғызуға тырысты, алайда Ордамәлік оның алдын орап кетті. 1361 жылы қыркүйекте ол Сарайды басып алып, бір айға жуық билікті ұстап тұрды.
Санаттар:
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алтын Орда хандары
- 1361 жылы қайтыс болғандар
Жасырын санат:
- Үлгі шақыруында көшірме аргумент қолданатын беттер
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Ордамәлік хан туралы ақпарат, Ордамәлік хан дегеніміз не? Ордамәлік хан нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!