Сартақ хан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Сартақ хан
Лауазымы
Алтын Орданың 2-ші ханы
1255 — 1256
Ізашары Бату хан
Ізбасары Ұлақшы хан
Өмірбаяны
Діні несториандық
Дүниеге келуі белгісіз
Қайтыс болуы 1256 (1256)
Династия Шыңғыс әулеті
Әкесі Бату хан
Анасы Барақшын хатұн

Сартақ хан (? — 1256) — 1255-56 жылдары билік еткен Алтын Орданың ханы, Бату ханның үлкен баласы, Шыңғыс ханның шөбересі. Еділ өзенінің төменгі сағасының батыс жағалауынан бастап, Каспий теңізінің солтүстік жағалауы мен Қырым аралығында билік құрды.

Билігі

 | ]

1252 жылы Александр Невский Сартақтан жарлық алып, Владимир кнәздігінің билеушісі атанды. 1256 жылы француз королінің Қарақорымға жіберген елшісі Рубрук ең алдымен Сартақтың сарайына аялдап, оған корольдің түрік және араб тілдеріне аударылған грамотасын табыс еткен. Сартақ әкесі Бату қайтыс болған соң Мөңке ханның (Қарақорымда) ұйғарымымен хан тағына отырды. Бірақ көп ұзамай қайтыс болып, тақты Ұлақшы иеленді. Сартақты Батудың iнiсi Берке мен Беркешар өлтiрткен деген пікірлер бар. Дегенмен тарихшы Жақсылық Сәбитовтың пікірінше, Сартақтың өлімі Беркеден гөрі, орталық билік иесі Мөңкеге тиімді болған. Өйткені, Жошы ұлысының ханынан айырылып, әлсіреуі орталық биліктің күшейуіне, оған тәуелділігінің өсуіне әкелері сөзсіз еді. Сартақтан кейін таққа отырған Ұлақшының оған нақты кім болғаны (інісі, баласы) белгісіз.

Дереккөздер

 | ]
  1. Rashid al-Din - Universal History, see: Tale of Jochids
  2. Searching for an Imaginary Kingdom

Сілтемелер

 | ]

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Сартақ хан туралы ақпарат, Сартақ хан дегеніміз не? Сартақ хан нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *