Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Керімберді хан |
| Лауазымы |
|---|
| |
|---|
| 1412 — 1414 |
|---|
| Ізашары | Жәлеләддин хан |
|---|
| Ізбасары | Кепек хан |
|---|
| Өмірбаяны |
|---|
| Діні | Ислам |
|---|
| Дүниеге келуі | белгісіз |
|---|
| Қайтыс болуы | 1414 (1414) |
|---|
| Әкесі | Тоқтамыс хан |
|---|
өңдеу  |
Керімберді, Кәрімберді (тат. Kärimbirde xan) – Алтын Орда ханы (1412/13 – 1414/16), Тоқтамыс ханның баласы.
15 ғасырдың бірінші ширегінде Алтын Орданың ыдырау процесі тереңдеп, ішкі және сыртқы саяси факторлардың әсерімен хандар жиі ауысып отырды. їижраның 815 жылы (1412/13) Керімберді Ұлы Литва князьдігімен жақындаса бастаған туған ағасы Жалал әд-Динді өлтіріп, хан тағына отырады. Керімберді сыртқы саясатта Мәскеу князьдігіне жылы шырай көрсете бастайды. Бұған қарсы Ұлы Литва князі Витовта Вильно қаласында Бессабулды хан етіп тағайындап, Сарайға қарсы жорыққа аттандырды. Шамамен 1415 жылдың соңында Керімберді Бессабулдың әскерін талқандап, оның өзін өлтіреді. Керімберді. Алтын Орданың ішкі саяси өміріндегі талас-тартыстарды тоқтата алмады. 1414 жылдың басында Тоқтамыс ханның басқа бір ұлы Кебек сарай төңкерісі нәтижесінде Керімберді ханды биліктен ығыстырып, таққа өзі келеді. Керімберді ханның одан кейінгі тағдыры және ұрпақтары туралы нақты дерек жоқ.
Дереккөздер
| ] - «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Тағы қараңыз
| ] Санаттар:
- 1414 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алтын Орда хандары
Жасырын санат:
- Үлгі шақыруында көшірме аргумент қолданатын беттер
- ISBN сиқырлы сілтемелері қолданылған беттер
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Керімберді хан туралы ақпарат, Керімберді хан дегеніміз не? Керімберді хан нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!