Малбағар Меңдіқұлов
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына сәйкес болу үшін жетілдіру қажет. Осы мақаланы әрі қарай дамытуға көмектесіңіз. |

Меңдіқұлов Малбағар (10.11.1909, Орынбор облысы, Адамовка ауданы – 17.8.1986, Алматы) – архитектор, сәулет өнері ғылымының профессоры (1976), Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі (1970)., Алматы қаласының тұңғыш бас архитекторы, КСРО құрылыс және архитектура академиясының корреспондент мүшесі (1957).
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін инфобокс енгізу қажет. |
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Биографиясы
| ]- 1936 жылы Ташкенттегі Орта Азия индустрия институтын бітірген.
- 1937 – 1941, 1945 – 1947 жылы Ташкентте қызмет еткен.
- 1941 – 1945 жылдары 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
- 1953 – 1955 жылдары Қазақстан ҰА-ның Архитектура, құрылыс және құрылыс материалдары институтының директоры.
- 1955 – 1956 жылдары Қазақ КСР Министрлік Кеңесінің жанындағы архитектура істері басқармасының бастығы.
- 1957 – 1962 жылдары КСРО Құрылыс және архитектура академиясы қазақ бөлімшесінің жетекшісі.
- 1964 – 1971 жылдары Алматы қаласының бас архитекторы.
- 1971 – 1981 жылдары Қазақ политехникалық институты архитектура тарихы кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Еңбектері
| ]Архитектура саласындағы басты еңбектері:
- Ташкенттегі газет-журнал компанияның үйі мен Науаи даңғылы(1959, телавтор).
- Ташкент каналының Ангрен дюкері (1941).
- Алматыдағы шарап зауыты үйі мен Неке сарайы (1958, телавтор).
- Ж.Жабаев пен М.Әуезовтың ескерткіштері.
1967 – 1968 жылдары Алматы қаласы орталық бөлігінің жоспарын жасау жөніндегі Бүкілодақтық жабық бәйгеде 2-орын алды. Сонымен бірге Батыс Қазақстандағы сәулет өнерінің қайталанбас туындылары – мемориалды мешіт-ғимараттарды бір жүйеге келтіріп, ғылыми тұрғыда зерттеудің негізін қалады. Меңдіқұловтың ғылыми-зертеу жұмыстарының нәтижесінде Шопан Ата, Бекет Ата, Асан Қожа, Сейсен Ата, т.б. кесене-кешендері жайлы құнды бірегей басылымдар жарық көрді. Қазақ архитектурасын өркендету, зерттеу саласында 70-тен астам ғылыми еңбек, 4 монография, "Қазақ архитектурасының тарихы" деген екі томдық кітап жазған.
Жауынгерлік Қызыл Ту, 1, 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, “Құрмет Белгісі” ордендерімен, медальдармен марапатталған..
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Дереккөздер
| ]- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- Инфобокс енгізу қажет мақалалар
- Жауынгерлік Қызыл Ту орденінің иегерлері
- 1909 жылы туғандар
- 1986 жылы қайтыс болғандар
- Қазақстан сәулетшілері
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Малбағар Меңдіқұлов туралы ақпарат, Малбағар Меңдіқұлов дегеніміз не? Малбағар Меңдіқұлов нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!