Көктерек ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Аудан
Көктерек ауданы
Әкімшілігі
Ел

image Қазақ КСР

Кіреді

Жамбыл облысы

Енеді

6 а/к, 3 кент (1959)

Әкімшілік орталығы

Бірлік

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

1939-1963

Тұрғындары
Тұрғыны

22 247 адам (1959)

Көктерек ауданы — Қазақ КСР-і Жамбыл облысында 1939-1963 жылдары болған әкімшілік бірлік. Орталығы – Бірлік ауылы.

Тарихы

 | ]

Көктерек ауданы 1939 жылы 14 қазанда құрылды. Құрамына Шу ауданынан берілген Қызылтал, Қызыларна, Қараөзек, Көкірек, Куйбышев, Сарқырама және Фурманов ауылдық кеңестері енді.

1943 жылы Қызыларна ауылдық кеңесі Жамбыл ауылдық кеңесі болып өзгертілді. Коминтерн және Қоқи ауылдық кеңестері құрылды.

1951 жылғы мәліметтер бойынша аудан құрамына 9 ауылдық кеңес кірді: Жамбыл, Қараөзек, Қызылтал, Қоқи, Көкірек, Коминтерн, Куйбышев, Сарқырама және Фурманов.

1951 жылы Қарағанды облысы Шет ауданының Мыңарал елді мекені Көктерек ауданына өтті. Мыңарал, Хантау елді мекендеріне жұмысшы кенті мәртебесі берілді.

1954 жылы Шығанақ елді мекеніне жұмысшы кенті мәртебесі берілді. Көкірек ауылдық кеңесі Коминтерн ауылдық кеңесіне қосылды. Қоқи ауылдық кеңесі Кеңес ауылдық кеңесі болып өзгертілді.

1959 жылғы аудан құрамында 6 ауылдық кеңес (Жамбыл, Қызылтал, Коминтерн, Куйбышев, Сарқырама, Фурманов) пен 3 кент (Мыңарал, Хантау, Шығанақ) болды.

1963 жылы 2 қаңтарда Көктерек ауданы таратылды. Жамбыл, Қызылтал, Коминтерн, Құмөзек, Сарқырама, Ұланбел, Фурманов ауылдық кеңестері Шу ауданына берілсе, Мыңарал, Хантау, Шығанақ кенттері Шу қаласының қарамағына өтті.

Халқы

 | ]

1959 жылғы халық санағы бойынша ауданда 22 247 адам тұрған.

Дереккөздер

 | ]
  1. Всесоюзная перепись населения 1959 г. Численность наличного населения городов и других поселений, районов, районных центров и крупных сельских населенных мест на 15 января 1959 года по регионам союзных республик (кроме РСФСР). Демоскоп. Басты дереккөзінен мұрағатталған 19 ақпан 2014.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 8 қыркүйек 2020.

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Көктерек ауданы туралы ақпарат, Көктерек ауданы дегеніміз не? Көктерек ауданы нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *