Канада күні

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Канада күні
image
Балалар Канада күніне арналған Монреалдағы парадты тамашалап тұр, 2004 жыл
Ресми атауы ағылш. Canada Day
Қайда өткізіледі image Канада
Түрі Ұлттық, тарихи
Күн-айы 1 шілде
Мейрамдауы Отшашулар, пикниктер, парадтар, жәрмеңкелер, карнавалдар

Канада күні (ағылш. Canada Day, фр. Fête du Canada) — Канаданың ұлттық мерекесі, бүкіл мемлекет бойынша демалыс күні. Бұл мереке 1 шілде 1867 жылы Конституциялық актқа қол қойылуын тойлайды. Бұл акт Британ империясының Канада, Жаңа Шотландия және Нью-Брансуик сияқты үш отарларын "Канада" деп аталатын бір доминионға біріктірді. Бұл үш отардың одағы Канадалық конфедерация деп аталды. Кейіннен бұл конфедерацияның құрамына әр түрлі провинциялар мен отарлар қосылып, Канада есімді біріккен мемлекет құрылды. Бұл мереке алғашында "Доминион күні" (ағылш. Dominion Day, фр. Le Jour de la Confédération) деп аталған, мерекенің атауы 1982 жылы өзгертілді.

Тойлануы

 | ]

Кейде бұл мейрамды «Канаданың туылған күні» деп те атайды. Бұл атау қазіргі Канаданың аумағында орналасқан бұрынғы Британ империясының отарлары Жаңа Шотландия, Нью-Брансуик және Канада провинциясының (кейіннен 1867 Конституциялық акті бойынша Онтарио және Квебек деген екі провинцияға бөлінді) 1 шілде 1867 жылы Канада есімді бір федеративті мемлекетке бірігуін бейнелейді.

Елдегі көптеген қауымдастықтар Канада күніне жаппай мерекелер ұйымдастырады, көбінесе парадтар, карнавалдар, фестивальдар, барбекю, әуе және теңіз қойылымдары, мерекелік отшашулар, тегін музыкалық концерттер сияқты ашық аспан астындағы мерекелер ұйымдастырады.

Дереккөздер

 | ]
  1. Canada in the Making > Constitutional History > 1867–1931: Becoming a Nation. Canadiana.
  2. Moore Christopher 1867: How the Fathers Made a Deal — McClelland & Stewart, 2011. — P. 215. — ISBN 978-1-55199-483-3.
  3. Celebrating Canada: Holidays, National Days, and the Crafting of Identities — University of Toronto Press, Scholarly Publishing Division, 2017. — P. 19. — ISBN 978-1-4426-2154-1.
  4. Canada in the Making > Constitutional History > 1867–1931: Becoming a Nation. Canadiana. Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 лютий 2010. Тексерілді, 2 шілде 2015. (ағыл.)
  5. Канадалық Мұра Департаменті. Британдық Колумбия және Юкон Канада күнін тойлауға шақырып жатыр Мұрағатталған 9 қарашаның 2013 жылы.

Сілтемелер

 | ]
image
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Canada Day
  • Canada Day in the Capital Region (ағыл.)
  • History of Canada Day (ағыл.)
  • Canada Day (ағыл.)

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Канада күні туралы ақпарат, Канада күні дегеніміз не? Канада күні нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *