Кара теңізі
Кар теңізі — Солтүстік Мұзды мұхиттың Еуразия жағалауындағы шеткі теңізі. Жаңа Жер, Франц-Иосиф және Солтүстік Жер аралдарының аралығында. Теңіз Кара қақпасы мен Маточкин Шар бұғаздары арқылы Баренц теңізімен, Вилькицкий, Шокальский бұғаздары арқылы Лаптевтер теңізімен байланысады.
- Ауданы 883 мың км², су көлемі 98 мың км³, орташа тереңдігі 111 м, ең терең жері 620 м. Әулие Анна шұңғымасы құрлықтық қайраңда жатыр. Ұсақ аралдар көп (Ушаков, Визе, Известия ЦИК, Арктикалық институт, т.б.).
- Судың беткі қабатының температурасы көпшілік бөлігінде жыл бойында 0 °С маңында, оңтүстік бөлігінде ғана жазда 3 – 6 °С-қа дейін көтеріледі. Жыл бойы дерлік түгелдей қатады, жазда да мұздан толық арылмайды.
- Тұздылығы солтүстігінде 33 – 34‰, оңтүстігінде, өзен сағаларына жақын маңда 10 – 12‰.
- Толысу жарты тәулік сайын қайталанады. Балық ауланады (нәлім, сиг, камбала тұқымдастары). Кара теңізі Солтүстік теңіз жолының бір бөлігі. *Басты порты – Диксон.
Кар теңізі орыс. Карское море | |
![]() | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 893 400 км² |
Көлемі | 101 000 км³ |
Тереңдігі | 620 м |
Орташа тереңдігі | 50—100 м |
Орналасуы | |
74°49′55″ с. е. 71°18′43″ ш. б. / 74.8319° с. е. 71.3119° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 74°49′55″ с. е. 71°18′43″ ш. б. / 74.8319° с. е. 71.3119° ш. б. (G) (O) (Я) | |
![]() |
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Кара теңізі туралы ақпарат, Кара теңізі дегеніміз не? Кара теңізі нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!