Тиррен теңізі
Тиррен теңізі (Mare Tіrreno) – Атлант мұхиты алабындағы Жерорта теңізінің бір бөлігі. Апеннин түбегі мен Сицилия, Сардиния және Корсика аралдары аралығында орналасқан. Жерорта теңізімен солтүстігінде Корсика, батысында Бонифачо, оңтүстігінде Сардиния, оңтүстік-шығысында Мессина бұғаздары арқылы жалғасады. Ауданы 214 мың км². Тектоникалық қазаншұңқырда орналасқан, ең терең жері 3830 м. Вавилов су асты жотасында Вулькано жанартауы орналасқан. Теңіз табаны жаңа тектоникалық қозғалыс әсеріне ұшыраған эпиплатформа, түпкі шөгінділері қарбонаттардан тұрады. Беткі су температурасы жаз айларында 22 – 24,5°С, қыста 13 – 14°С. Тұзд. 37,25 – 38,25‰. Беткі ағыстары 1 км/сағ. жылдамдықпен сағат тіліне қарсы бағытта қозғалады. Тиррен теңізінде Липар, Устика, т.б. аралдар бар. Балық аулау (сардина, тунец, жылан балық, семсер балық, т.б.) дамыған. Басты порттары: Неаполь, Палермо, Кальяри (Италия), Бастия (Франция).
| Тиррен теңізі | |
![]() | |
| Орналасуы | |
|---|---|
| 39°31′22″ с. е. 13°21′12″ ш. б. / 39.5228° с. е. 13.3533° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 39°31′22″ с. е. 13°21′12″ ш. б. / 39.5228° с. е. 13.3533° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Тиррен теңізі туралы ақпарат, Тиррен теңізі дегеніміз не? Тиррен теңізі нені білдіреді?




Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!