Ирланд теңізі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ирланд теңізі
image
Сипаттамасы
Ауданы100 мың км²
Тереңдігі175 м
Орташа тереңдігі43 м
Орналасуы
53°43′18″ с. е. 5°10′38″ б. б. / 53.72167° с. е. 5.17722° б. б. / 53.72167; -5.17722 (G) (O) (Я)Координаттар: 53°43′18″ с. е. 5°10′38″ б. б. / 53.72167° с. е. 5.17722° б. б. / 53.72167; -5.17722 (G) (O) (Я)
image
image
Ирланд теңізі
image Ирланд теңізі Ортаққорда

Ирланд теңізі (ағылш. Irish Sea, вал. Môr Iwerddon, ирл. Muir Éireann) — Атлант мұхитының шеткі теңізі, шығысындағы Ұлыбритания, батысындағы Ирланд аралдарының аралығында, мұхитпен Солтүстік бұғаз (солтүстік жағынан), Әулие Георг бұғазы (оңтүстік жағынан) арқылы жалғасады.

Тереңдігі 272 м-ге жетеді. Түпкі шөгінділері — малта тас, құм, тұнба. Ірі аралдары — Мэн және Англси. Жағалары кішігірім шығанақтармен, қойнаулармен тілімделген. Жыл бойы батыстан жел соғады. Қыста теңіз дауылдары жиі болады. Суының температурасы ақпанда 5—9 °С градустан, тамызда 13—16 °С градусқа дейін жетеді. Тұздылығы 32—34,8 ‰ аралығында өзгереді. Беткі ағысы — айналмалы ағыс. Жарты тәулікте бір көтеріледі (биіктігі 1–2 м-ден 6 м-ге дейін). Теңізден балық (майшабақ, килька, нәлім) ауланады. Ірі порттары — Ливерпуль (Ұлыбритания) және Дублин (Ирландия).

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Ирланд теңізі туралы ақпарат, Ирланд теңізі дегеніміз не? Ирланд теңізі нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *