Арыстанбай Тобылбайұлы
Арыстанбай (Арыстан) Тобылбайұлы (1811, қазіргі Ақмола облысыҚорғалжын ауданы — 1880, сонда) — суырып салма ақын.
Арғын тайпасы Атығай руынан шыққан. Әкесі — Тобылбай би. А. Орынбай, Серәлі, Шөже ақындармен айтысқан. Қоқан, Ташкент, Созақ, Үргеніш, Бұхар қалаларын аралаған. 1837 ж. Ташкент сапарынан оралып келе жатып, Кенесары ханның қолына түседі. Хан оны қауіпті адам санап өлтірмекші болғанда, ақын өзінің елі мен жеріне қоштасу жырын табанда суырып салып айтып, ақындық өнерінің құдіретімен ажалдан құтылады. Шоқан Уәлиханов А. ақынды ірі сөз шеберлерінің қатарына қосқан. Ол «Едіге туралы» жыр мен «Ер Қосай», «Ер Көкше» дастандарын алғаш А-дан естігенін жазады. А. Ұлытау экспедициясына жолбасшы болған кезінде (1845 — 46) бірге болған орыс оқымыстысы И.З. Безверхов оның ақындық, жыршылық, әншілік өнерін өте жоғары бағалайды, «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырын жатқа айтып бергенін жазады. Өлеңдері мен айтыстары жинақталып, 1910 ж. бастап әр түрлі жинақтарда жарияланып келеді. Ақынның бүгінге "Арыстанның әні" атты жалғыз әні ғана жетті.
Сыртқы сілтеме
| ]- Научная библиотека Карагандинского государственного университета им.Е.А.Букетова(қолжетпейтін сілтеме)
Дереккөздер
| ]- Шежіре - Атығай Alashainasy.kz. Тексерілді, 16 қараша 2020.
- "Қазақ Энциклопедиясы"
- "Қазақтың дәстүрлі 1000 әні" жинағы
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
| Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- Қазақ ақындары
- 1811 жылы туғандар
- 1880 жылы қайтыс болғандар
- Қорғалжын ауданында туғандар
- Қазақ жыраулары
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Арыстанбай Тобылбайұлы туралы ақпарат, Арыстанбай Тобылбайұлы дегеніміз не? Арыстанбай Тобылбайұлы нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!