Әди Шәріпов
Әди Шәріпов (19 желтоқсан 1912, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Мариновка ауылы – 4 қараша 1993, Алматы қаласы) – жазушы, филология ғылымдарының докторы (1973), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі (1957).
Әди Шәріпов | |
![]() | |
Туған күні | 19 желтоқсан 1912 |
---|---|
Туған жері | қазіргі Мариновка, Жарма ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Ресей империясы |
Қайтыс болған күні | 4 қараша 1993 (80 жас) |
Қайтыс болған жері | Алматы, Қазақстан |
Азаматтығы |
|
Ұлты | қазақ |
Мансабы | жазушы, мұғалім |
Шығармалардың тілі |
Қысқаша өмірбаяны:
Найман тайпасының Матай руының Қаптағай бөлімінің Қарауылжасақ елінен шыққан.
- 1938 жылы - ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген.
- 1938–1940 жылдары - Алматы облысы мектептерінде мұғалім болды.
- Ұлы Отан соғысына қатысып, партизан отрядын басқарған. Партизандардың ерлік күресін өз шығармаларына арқау етті.
- 1944–1958 жылдары - cоғыстан соң Қазақ КСР-і Оқу министрінің орынбасары.
- 1958–1963 жылдары - oқу министрі;
- 1963–1966 жылдары - Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Сыртқы істер министрі;
- 1966–1971 жылдары - Қазақстан жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы және КСРО жазушылар одағының хатшысы;
- 1971–1979 жылдары - Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер;
- 1979–1993 жылдары - институт директоры қызметтерін атқарған.
Шығармашылығы
"Партизан қызы","Тон","Қапастағы жұлдыздар" атты шығармалардың,"Сахар қызы","Дос сыры" романдарының авторы."Ж.Саиннің өмірі мен творчествосы","Қазіргі дәуір мен жаңашылдық" т.б. монографиялары, әдебиеттану мен педагогика салаларына қатысты көптеген еңбектері жарық көрді.
Қоғамдық қызметі
5–6-сайлауында Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің және 7-сайлауында КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
Марапаттары
- Ленин ордені
- 1-дәрежелі Отан соғысы ордені
- 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордені
- Қызыл Жұлдыз ордені
- «Құрмет Белгісі» ордені
Дереккөздер
- Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Әди Шәріпов туралы ақпарат, Әди Шәріпов дегеніміз не? Әди Шәріпов нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!