Сулавеси теңізі
СУЛАВЕСИ ТЕҢІЗІ (Sulawesі), Целебесс теңізі – Тынық мұхиттың Сулавеси, Калимантан, Минданао, Сангихе аралдары мен Сулу топаралының аралығындағы теңіз. Аумағы 453 мың км², ең терең жері – 5914 м. Суының беткі қабатының температурасы жыл бойында 28°С шамасында, тұзд. 34,5‰. Беткі ағысы Минданао ағысына байланысты қалыптасады. Сулавеси теңізінің деңгейі Малайя топаралығындағы басқа теңіздердің деңгейінен жоғары. Тынық мұхиттың аралық және беткі су қабаттары Сулавеси теңізі арқылы Үнді мұхитымен алмасып отырады. Толысуы жарты тәуліктік (3 м). Басты порттары – Венанг (Сулавеси аралы) және Таракан (Таракан аралы).
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Сулавеси теңізі туралы ақпарат, Сулавеси теңізі дегеніміз не? Сулавеси теңізі нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!