Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков
Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков (26 шілде 1954, Бөрлі, Қарабалық ауданы, Қостанай облысы) — қазақстандық кәсіпкер және мемлекет қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты.
Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков | |||||||||||||
![]() | |||||||||||||
Лауазымы | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||||||||
21 маусым 2016 — 10 қыркүйек 2018 | |||||||||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | ||||||||||||
Ізашары | Нұрлан Нығматулин | ||||||||||||
Ізбасары | Әсет Исекешев | ||||||||||||
19 желтоқсан 2004 — 23 қаңтар 2008 | |||||||||||||
Ізашары | Иманғали Тасмағамбетов | ||||||||||||
Ізбасары | Қайрат Келімбетов | ||||||||||||
| |||||||||||||
22 қазан 2014 — 21 маусым 2016 | |||||||||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | ||||||||||||
Ізашары | Иманғали Тасмағамбетов | ||||||||||||
Ізбасары | Әсет Исекешев | ||||||||||||
желтоқсан 1997 — маусым 2003 | |||||||||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | ||||||||||||
Ізашары | Аманжол Бөлекпаев | ||||||||||||
Ізбасары | Темірхан Досмұханбетов | ||||||||||||
| |||||||||||||
2 сәуір 2014 — 22 қазан 2014 | |||||||||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | ||||||||||||
Ізашары | Марат Тәжин Кәрім Мәсімов (м.о.) | ||||||||||||
Ізбасары | Гүлшара Әбдіқалықова | ||||||||||||
| |||||||||||||
24 маусым 2009 — 2 сәуір 2014 | |||||||||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | ||||||||||||
Премьер-Министр | Кәрім Мәсімов Серік Ахметов | ||||||||||||
Ізашары | Даниал Ахметов | ||||||||||||
Ізбасары | Серік Ахметов | ||||||||||||
| |||||||||||||
маусым 2003 — желтоқсан 2004 | |||||||||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | ||||||||||||
Премьер-Министр | Даниал Ахметов | ||||||||||||
Ізашары | Мәжит Есенбаев | ||||||||||||
Ізбасары | Сауат Мыңбаев | ||||||||||||
Өмірбаяны | |||||||||||||
Партиясы | «Нұр Отан» | ||||||||||||
Білімі | БМКИ | ||||||||||||
Ғылыми дәрежесі | Экономика ғылымдарының кандидаты | ||||||||||||
Дүниеге келуі | 26 шілде 1954 (71 жас) Бөрлі ауылы, Қарабалық ауданы, Қостанай облысы, Қазақ КСР, КСРО | ||||||||||||
Марапаттары |
| ||||||||||||
Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков Ортаққорда | |||||||||||||
өңдеу ![]() |
2004—2008, 2016–2018 жылдары Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы, 1997—2003 және 2014–2016 жылдары Астана әкімі, Қазақстан Мемлекеттік хатшысы (2014) және Қорғаныс министрі (2009–2014) сияқты лауазымдарының иегері.
Биографиясы
Қыпшақ тайпасының Қарабалық руынан шыққан. 1954 жылы шілденің 26-ында Қостанай облысында туған.

1978 ж. Бүкілодақтық кинематография (Мәскеу қаласы) мемлекеттік университетін тәмамдаған, 1987 ж. Плеханов атындағы халық шаруашылығы институтында «материалдық-техникалық жабдықтаудың ұйымдастырушысы» мамандығы бойынша қайта даярлықтан өткен.
- Қазақ КСР Мемкино жүйесінде, материалдық-техникалық жабдықтау органдарында жұмыс істеп, кәсіпорындарға басшылық еткен.
- 1988—1995 жж. көпсалалы «Цесна» корпорациясының басшысы.
- 1995 ж. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутат болып сайланады.
- 1996 ж. Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалады.
- 1997 ж. желтоқсанынан 2003 ж. маусымына дейін Астана қаласының әкімі.
- 2003 ж. шілдесінен 2004 ж. желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі.
- 2004 ж. желтоқсанынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы.
- 2008 ж. қаңтарынан қазанына дейін Қазақстан республикасы президентінің кеңесшісі әрі Нұр Отан халықтық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары.
- 2008 ж. қараша айынан Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
- 2009-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.
- 2014 жылғы сәуір мен қазан аралығында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.
- 2014-2016 жылдары – Астана қаласының әкімі. 2015 жылғы маусымнан тамызға дейін әкімдік қызметпен қатар «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясын басқарды.
- 2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы. Зейнет жасына жетуіне байланысты лауазымынан босатылды.
Қосымша лауазымдары
- 2018 жылғы қыркүйектен 2019 жылға дейін «Цесна» корпорациясы» АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы.
- 2020 жылғы қарашадан 2022 жылғы ақпанға дейін – «ҚазТрансГаз» АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы.
- 2016-2018 жылдары - Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика федерациясының президенті.
- 2018-2022 жылдары - Қазақстан Футбол федерациясының президенті.
Кітаптары
- 2000 — «Зажечь звезду — столицу»
- 2008 — «Так начиналась Астана. Записки первого акима столицы»
Фильмдері
- 2009 — «Прыжок Афалины» фильмінің сценарий авторы
- 2014 — «Заговор Оберона» фильмінің сценарий авторы
- 2018 — «Елбасы жолы. Астана» фильмінің сценарий авторы
Марапаттары
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», III дәрежелі «Барыс» ордендерiмен, басқа да үкіметтік наградалармен марапатталған.
Әскери атағы
Әскери атағы - запастағы полковник.
Сүйіп оқитын әдебиеті
Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи және көркем проза, поэзия (А. Құнанбаев, Ш. Айтматов, Э. Хэмингуэй және басқалары).
Отбасы
Үйленген. Жұбайы - Ләззат Ибрагимқызы Жақсыбекова (1955—2023), экономист. Ұлы - Дәурен Жақсыбек (1978 жылы туған). Інісі - Серік Жақсыбеков (1956 жылы туған), Сенат депутаты (2014—2020).
Дереккөздер
- А.Джаксыбеков возглавил АО «Корпорация «Цесна»
- Адильбек Джаксыбеков ушел с поста председателя Совета директоров QazaqGaz
- Адильбек Джаксыбеков возглавил Казахстанскую федерацию футбола
- Прыжок Афалины
- Заговор Оберона
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
- Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков туралы ақпарат, Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков дегеніміз не? Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!