Қарабалық руы
Қарабалық - Орта жүз Қыпшақ тайпасының Қарақыпшақ тармағынан тарайтын ру, бес таңбалы қыпшақтың бірі. Қарабалықтан:
- Қыдырбай,
- Қарсақ,
- Қарта,
- Жантілес,
- Шуманақ,
- Танабұға ұрпақтары тарайды.
Қазан революциясына дейін Қазақстанның солтүстігіндегі Үй, Тоғызақ өзендерінің бойындағы алқаптарды, қазіргі Қостанай облысы, Қарабалық, Федоров, Ұзынкөл аудандарының жерлерін мекендеген. Негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Өзен бойындағы топтар аздап егін салып, балық аулауды кәсіп еткен.
Y-ДНК анализі
Y-ДНК гаплогруппасы R1b1a1 (N=2)
Тұлғалар
- Елдес Омарұлы Тиесов
- Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин
- Серке Қожамқұлов
- Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков
- Серік Рыскелдіұлы Жақсыбеков
- Дәурен Әділбекұлы Жақсыбек
- Өске Торқаұлы
Дереккөздер
- Қазақ Совет Энциклопедиясы, бас редакторы М.Қ.Қаратаев, Алматы, 1972 ж. 1-том
- http://forum-eurasica.ru/index.php?/topic/4383-kazakhskij-dnk-proekt/page-43
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қарабалық руы туралы ақпарат, Қарабалық руы дегеніміз не? Қарабалық руы нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!