Барыс ордені

«Барыс» ордені — Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі № 462-1 Заңымен белгіленген ордені.
«Барыс» ордені I дәрежелі | |
---|---|
![]() ![]() | |
II дәрежелі | |
---|---|
![]() ![]() | |
III дәрежелі | |
---|---|
![]() | |
Мемлекет | |
Түрі | Орден |
Жағдайы | беріледі |
Негізделді | 26 шілде 1999 жыл |
Жоғары марапаты | «Назарбаев» ордені |
Төменгі марапаты | «Даңқ» ордені |
Order of Barys Ортаққорда |
Бұл орден ерекше еңбегі үшін:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен егемендігін нығайтқаны;
- бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз еткені;
- мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметте;
- халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға;
- ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен өзара байытуға;
- мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытқаны үшін беріледі.
Дәрежелері
«Барыс» орденінде үш дәреже бар:
- 1-дәрежелі «Барыс» ордені жұлдыз бен иық таспасындағы белгіден тұрады.
- 2-дәрежелі «Барыс» ордені кеуде қалыбындағы белгіден тұрады.
- 3-дәрежелі «Барыс» ордені мойын таспасындағы белгіден тұрады.
Орденнің ең жоғары дәрежесі — I дәреже. Марапаттау ретпен жүргізіледі: III дәрежелі, II дәрежелі және I дәрежелі. Ерекше жағдайларда көзге түсер айырмашылығы үшін мемлекет басшысының шешімі бойынша кезектілік ескерілмей марапаттар тағайындалуы мүмкін.
Сипаттамасы
Орден таспасы қою көк түсті, ортасында үш сары жолағы бар.
- 1-дәрежеліде — иықтық — ені 100 мм
- 2-дәрежеліде — қалыптыға — ені 32 мм
- 3-дәрежеліде — мойынға — ені 20 мм
Галерея
- I дәрежелі «Барыс» орден жұлдызы
- I дәрежелі «Барыс» белгі ордені
- II дәрежелі «Барыс» ордені
- III дәрежелі «Барыс» ордені
Тағы қараңыз
- Қазақстанның мемлекеттік марапаттары
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Барыс ордені туралы ақпарат, Барыс ордені дегеніміз не? Барыс ордені нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!