Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Тісті киттер Қазбалық ауқымы: Eocene–Recent |
|---|

Tursiops truncatus |
| Ғылыми топтастыруы |
|---|
| Дүниесі: | Жануарлар | | Жамағаты: | Хордалылар | | Табы: | Сүтқоректілер | | Сабы: | Киттәрізділер | | Кіші сабы: | Odontoceti Flower, 1869 |
|
Тісті киттер (лат. Odontoceti) – киттәрізділердің отряд тармағы. Тісті киттер барлық мұхиттар мен ашық теңіздерде тараған. Кейбір түрлері өзендерді де (Ганг, Амазонка, т.б.) мекендейді. Дене тұрқы 1,2 – 21 м, салмағы 30 кг-нан 8 т-ға дейін. Аталықтары аналықтарына қарағанда ірі. Мұртты киттерден ерекшелігі – бассүйегі ассиметриялы (астыңғы жағы ми сауытынан қысқа және алдынан қозғалмай бекіген). Жағында 240-қа жуық біртекті (гомодонтты), бірқырлы (монофиадонтты) тістер орналасқан. Тілі өте қозғалмалы, ол қорегін жұтқыншаққа қарай итереді. Таңдайы жоқ. Безді қарыны көп камералы, көпшілігінде соқыр ішегі болмайды. Танау тесігі біреу, ол төбесіне қарай ашылады. Танау тесігінің айналасында ерекше жұп ауа қапшықтары орналасқан, олар кит сүңгігенде тыныс жолын жауып қалады. Тісті киттердің есту қабілеті өте жоғары. Белгі беру үшін күрделі дыбыстарды пайдаланады, яғни эхолокация аппараты жақсы дамыған. Негізгі қорегі – балықтар, басаяқты моллюскалар, шаянтәрізділер. Қорегін іздеп 300 м тереңдікке дейін сүңги алады, жақсы жүзеді. Тісті киттердің 10 тұқымдасы (дельфин, нарвалдар, өзен дельфиндері, мұрынтұмсықтылар, кашалоттар, т.б.), 73 түрі белгілі. Қазақстан су айдындарында тісті киттер кездеспейді. Тісті киттердің ішіндегі ең ірісі – кашалот (Physeter macrocephalus). Аталықтарының ұзындығы 21 м-ден артық, аналықтарының ұзындығы 13 м. Бастары үлкен (денесінің 1/3 бөлігіне тең). Жіңішке келген төменгі жағында 36 – 60 тісі (тісінің ұзындығы 20 см, салмағы 1 – 3 кг) болады. Жоғарғы жағында тісі болмайды. Тістері сұр-қою қоңыр түсті. Полигамды, жыныстық жағынан 5 – 6 жасында жетіледі. Кашалоттар барлық мұхиттарда (тек Солт. Мұзды мұхитта кездеспейді) тіршілік етеді. Жүктілік мерзімі 16 – 17 ай, аналығының ұзындығы 4 м-дей, салмағы 1 т болатын жалғыз бала тауып, оны 18 айдай емізеді. Балалары тез өседі, 4 – 6 жылда ересек кашалотқа айналады. Табиғи жағдайда 50 жылдай өмір сүреді. Кашалоттардың саны жылдан жылға азаюда, сондықтан оларды кәсіптік жолмен аулауға тыйым салынған. Тісті киттердің 4 түрі Халықар. табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.
Дереккөздер
| ] - «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
 Киттердің заманауи түрлері |
|---|
| Мұртты киттер (Mysticeti) | | Тегіс киттер | |
|---|
| | Жолақ киттер | Нағыз жолақ кит (Кішкене жолақты кит • Оңтүстік кішкене жолақты кит • Сейвал • Брайд киті • Көк кит • Омура киті • Финвал • Райс киті) • Сұр кит • Өркешті кит |
|---|
| | Цетотериялар | |
|---|
|
|---|
| Тісті киттер (Odontoceti) | | Дельфиндер | Тарғыл дельфиндер (Коммерсон дельфині • Чили дельфині • Хэвисайд дельфині • Гектор дельфині) • Қарапайым • Пигмей косаткасы • Қара дельфин • Сұр дельфин • Малайзиялық дельфин • Лагеноринхустар (Ақ тұмсықты дельфин • Атлант ақ бүйірлі дельфині • Оңтүстік ақ бүйірлі дельфин • Крест тәрізді дельфин • Тынық мұхиты ақ бүйірлі дельфині • Күңгірт дельфин) • Киттәрізді дельфин (Солтүстік • Оңтүстік) • Орцеллалар (Иравади дельфині • Аустралия дельфині) • Косатка • Қауынбас кит • Жалған жыртқыш кит • Ұзынтұмсықты (Тукаши дельфині • Гвиана дельфині) • Бүкір дельфиндер (Қытай • Үнді мұхиты • Аустралия • Атлант) • Стенеллалар (Пантропикалық • Климен дельфині • Шақылдақ дельфин • Атлант теңбіл дельфині • Ұзынтұмсықты дельфин) • Ірі тісті дельфин • Афалиналар (Афалина • Үнді афалинасы) |
|---|
| | Нарвалдар | Ақ дельфин • Нарвал |
|---|
| | Phocoenidae | Neophocoena • Phocoena • Phocoenoides |
|---|
| | Кашалоттар | Кашалот |
|---|
| | Кіші кашалоттар | Пигмей кашалоты • Ергежейлі кашалот |
|---|
| | Iniidae | Амазон дельфині • Арагуаялық дельфин • Боливиялық дельфин |
|---|
| | Lipotidae | Байцзи дельфині |
|---|
| | Platanistidae | Ганга өзені дельфині • Үнді өзені дельфині |
|---|
| | Pontoporiidae | Ла-платалық дельфин |
|---|
| Тұмсықбетті киттер | Төрт тісті киттер (Арну киті • Байрд киті • Сато киті) • Бөтелке тұмсықтылар (Солтүстік • Оңтүстік) • Лонгман киті • Белдіктісті киттер (Соверби киті • Эндрю киті • Хаббс киті • Доғал тұмсықты кит • Рамари киті • Жервэ киті • Жапондық белдіктісті кит • Грэй белдіктісті кит • Гектор киті • Дераньягала киті • Лейард киті • Тру киті • Перрин киті • Перу киті • Стейнегер киті • Трэверс киті) • Тасманиялық тұмсықбетті кит • Шынайы тұмсықбетті кит |
|---|
|
|---|
|
Санаттар:
- Тісті киттер
- Теңіз сүтқоректілері
Жасырын санат:
- ISBN сиқырлы сілтемелері қолданылған беттер
- Уикилендіруі қажет мақалалар
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Тісті киттер туралы ақпарат, Тісті киттер дегеніміз не? Тісті киттер нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!