Қаратау қауы
| Қаратау қауы | ||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
| Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
| Stipa karataviensis Roshev. | ||||||||||||||||||
| Синонимдері | ||||||||||||||||||
| Stipa karatavica Roshev. ex B.Fedtsch. |
Қаратау қауы (лат. Stipa karataviensis) – астық тұқымдасының қау туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.
Ботаникалық сипаты
| ]- Биіктігі 20 – 30 см.
- Сабағы жалаң тек буын асты ғана түктенген.
- Жапырақтары жіңішке қылша сияқты бұралған.
- Гүлшоғырының ұзындығы 6 – 8 см, жіңішке. Масақ қабыршақтарының ұзындығы 22 – 31 мм. Төмен гүл қабыршағы 8 – 9 мм, 5 түкті жолағы бар. Қылтанағы 8 – 9 см, имек келген, жоғары жағында 3 – 4 мм, түгі бар.
- Тұқымынан көбейеді. Мамыр – шілдеде жемістері піседі.
- Жемісі – дәнек. Гүл қылтанағы арқылы өсімдік дәнегі топыраққа бекиді.
Өсетін орны мен таралуы
| ]Батыс Тянь-Шань мен Қаратау жотасының (Түркістан облысы) Шу-Іле тауларының тасты, тастақты беткейлерінде өседі.
Қаратау қауы – жемістенуі алдында жақсы мал азықтық шөп.
Қаратау қауы – сирек кездесетін өсімдік, жылдан жылға таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Дереккөздер
| ]- Тараз энциклопедиясы
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
- Астық тұқымдасы
- Қазақстан флорасы
- Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қаратау қауы туралы ақпарат, Қаратау қауы дегеніміз не? Қаратау қауы нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!