Төменгі барсхан
| Төменгі Барысхан қалашығы | |
| |
| Мәртебесі | Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші |
|---|---|
| Қазіргі жері |
|
| Қалануы | VI-XII ғасырлар |
| Орналасуы | 42°55′14″ с. е. 71°27′57″ ш. б. / 42.92056° с. е. 71.46583° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°55′14″ с. е. 71°27′57″ ш. б. / 42.92056° с. е. 71.46583° ш. б. (G) (O) (Я) |
| | |
Төменгі Барысхан қалашығы (Төрткүл) – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген VI-XII ғасырларда өмір сүрген көне қала.
Орналасқан жері
| ]Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Талас ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км, Талас өзенінің оң жағалауында, Тараз-Алматы жолынан солтүстікке қарай 0,5 км жерде орналасқан.
Тарихи деректер мен зерттелуі
| ]Төменгі Барысхан туралы алғаш рет Х ғасырда өмір сүрген араб жиһанкездері Құдама ибн Жафар мен Макдиси жазбаларында айтылады. Тараз аймағындағы ең ірі қалалардың бірі ретінде салыну жобасы жөнінен көне Таразға ұқсайды. Қаланың цитаделі, шахристаны, рабады болған.
Төменгі Барысханды 1940 жылы Жамбыл археологиялық пунктінің экспедициясы (Г. И. Пацевич), 1956 жылы ҚазКСР ҒА ТАЭИ-ның Жетісу археологиялық экспедициясының отряды (Т.Н. Сенигова) зерттеп, қазба жұмыстарын жүргізді. 1985 жылы Қазақ КСР-нің тарихи және мәдени ескерткіштері Жинағы археологиялық экспедициясының ортяды зерттеді және қаланың 1965 жылдан бергі бүлінгендігін тіркеді. Орталық қирандының айналасындағы территория жыртылып, шахристанның батыс қабырғасынан саз топырақ алынған. Қалашықтың қазіргі орнында мұсылмандар зираты тұр.
Сипаты
| ]Тік бұрышты екі қабатты төбе тұрпатты болып келген қала қабырғалары төрт тарапқа қаратылған. Табанынан есептегендегі өлшемдері – 310х140 м, биіктігі – 10 м. Қала топографиясында ішкі қамал мен шахристан ажыратылады.
Ішкі қамал мен шахристан
| ]Ішкі қамал қаланың солтүстік-батыс бұрышын алып жатыр. Төбешік түріндегі оның өлшемдері – 30х30 м, биіктігі – 10 м.
Шахристан барлық жағынан бұрыштары мен периметрі бойында мұнаралардан қалған төбешіктері бар шөккен үйінді дуалмен қоршалған. Ішкі қамалмен жанасып жатқан солтүстік қабырғасының биіктігі – 8 м. Шахристан территориясына кіретін қақпа – екеу. Олардың орындары шахристанның шығыс және батыс жақтарында байқалады. Қақпаның екі жағында мұнаралар бар. Қала қақпалары тұрған жақтарына екі алаң жанасқан. Шығыс жағындағысының көлемі – 70х70 м болса, батыс жағындағысының өлшемі – 100х100 м. Бұл – рабат қалдықтары. Алаңдардың территориясында ойдым жерлердің ізі – хауздардың қалдықтары аңғарылады.
Шаруашылық құрылыстары
| ]30-жылдардың соңында қаладан шығыстау жерде бөлек-бөлек төбешік болып қалған құрылыс іздері байқалатын. Бұл – қаланың ауылшарушылықты аймағына кіретін жеке қоныс қалдықтары. Үлкен масштабты карталардағы аэрофотосуреттерін талдау барысында орталық қаусырықтардың айналасынан олардан 1,5-2 км қашықтықтағы территорияны қоршап тұрған ұзын қабырғаның қалдықтарын табуға мүмкіндік берді. Ішкі қамалда жасалған қазбалардың нәтижесінде жобасында тік бұрыш және шаршы болып келген бөлмелер тобы ашылды. Едендеріндегі жер-ошақтар мен олардың жанындағы тас төселген орындар тазартылды. Бөлмелердің бірінде күлгін қырдан жасалған, өлшемдері 2,5х3,7 м кішкене алаң болған. Оның жанында жерге қазып орнатылған биіктігі 1 м, тұлғасының диаметрі 70 см құмыра табылған. Бұл құрылыс шарап жасайтын жердің қалдықтары болып шықты. Ішкі қамалдың жоғарғы құрылыс қабаты X-XII ғасырларға мерзімделеді. Шахристанда жасалған қазбалар ошақтары мен тандырлары бар бірнеше үй-жай, қора-қопсы құрылыстарын ашты, олар VIII-IX ғасырларғы мерзімделеді.
Пахсадан таспа техникасымен жасалған бекініс қабырғасының бір бөлігі тазаланды. Қабырғаның табанындағы қалыңдығы 5,5 м, сақталған биіктігі 5 м.
Табылған заттар жиыны Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайында сақтаулы.
Дереккөздер
| ]- С25 Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК «ММЕ ҒЖЗИ», 2002. – Т. 2. – 364 б., карталар, ил. ISBN 9965-13-615-7
- Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Байзақ ауданы. – Алматы, 2010. 204 б. ISBN 978-601-7253-05-9
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||
- Қазақстан көне қалалары
- Жамбыл облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Қазақстан археологиялық ескерткіштері
- Байзақ ауданы
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Төменгі барсхан туралы ақпарат, Төменгі барсхан дегеніміз не? Төменгі барсхан нені білдіреді?




Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!