Өмір жолында

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Өмір жолында
Дорога жизни
image
Жанры

драма

Режиссёрі

Қуат Әбусейітов

Сценарийдің авторы

Қабыш Сиранов

Басты рөлдерде

Ыдырыс Ноғайбаев

Операторы

Александр Фролов

Композиторы

Александр Зацепин, Еркеғали Рахмадиев

Кинокомпания

Қазақфильм

Мемлекет

image КСРО

Тілі

орыс, қазақ

Шыққан жылы

1959

«Өмір жолында» — толық метражды көркем фильм. 1959 ж. Алматы көркем және хроника фильмдер студиясы шығарған.

Сюжеті

 | ]

Поезд Мәскеуге жылжуда. Бір вагонда жиынға бара жатқан теміржолшылармен бірге Кеңестік Қазақстан туралы болашақ романы үшін ақпарат жинап жүрген қытай жазушысы жолда. Ол өз мұрағатында ескі газетті байқайды.

Газетте үздік Түрксібтің екпінді құрылысшыларының суреттері жарияланған. Олар вагон бойынша жазушының көршілері - бұрынғы құрылысшылар, қазіргі мемлекеттік қайраткерлер, теміржол басшылары болып шығады. Жазушының өтініші бойынша солардың бірі Оспан өзінің өмірі мен махаббаты туралы қайғылы оқиға айтып береді. Көрермендер алдында Түрксіб құрылысына қатынасты, Оспан, Хадиша, Борис, Кәрім, Игнатов пен Сәрсеннің қатысуымен, олардың байлар мен ақ гвардияшыларға қарсы күресі, Оспанның сүйікті әйелі - Хадишаның өлімі туралы оқиғалар өрбиді. Осы қиын күресте бұрынғы батырақ Оспан өсіп, шынығып, Социалистік Еңбек Ері, КСРО Жоғарғы Кеңес депутаты, теміржол транспортының бас маманының бірі болып атанады. Жазушы Оспанға әңгімесі үшін алғыс айтып, сол әңгіменің ішінде өз романы үшін керек ақпарат табады.

Рөлдерде

 | ]
  • Оспан — Ыдырыс Ноғайбаев
  • Хадиша — Зәмзәгүл Шәріпова
  • Борис — Петр Филиппов
  • Игнатов — Виктор Ахромеев
  • Хәкім — Сейфолла Телғараев

Дереккөздер

 | ]
  1. Дорога жизни Мұрағатталған 12 ақпанның 2019 жылы.

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Өмір жолында туралы ақпарат, Өмір жолында дегеніміз не? Өмір жолында нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *