Өмір Алмасов
( бетінен бағытталды)
Алмасов Омар (Ғұмар) (т.ж.б. — 1920) — Алаш қозғалысының қайраткері.
Найман тайпасы Қаракерей руының Болатшы тармағынан шыққан.
- Мұғалімдер семинариясында оқыған.
- 1916 ж. тамызда Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Жетісу облыстары өкілдерінің Орынборда өткен кеңесінің хатшысы болды. Онда патша өкіметінің маусым жарлығына қарсы қазақ халқының көтерілісі жөніндегі Алаш қозғалысы басшыларының (Ә.Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М.Дулатов) пікірін қолдады.
- 1917 ж. 2-8 сәуірде Торғай облысы қазақтарының съезін ұйымдастырушылардың бірі әрі хатшысы (Орынбор).
- 2-Бүкілқазақ съезінде (Орынбор, 5-13.12.1917). Алмасов Қазақ автономиясын Қазақстандағы өзге ұлттар өкілдерінің көзқарасын анықтаған соң және халық милициясын құрғаннан кейін жариялауды жақтаған көпшіліктің қатарында дауыс берді. Съезде ол Халық Кеңесінің мүшелігіне кандидат етіп сайланды.
- Алмасов Торғай өңірінде Кеңес өкіметіне қарулы қарсылықты ұйымдастыруға белсене қатысты.
- Алашорданың Торғай облысы әскери сотының бастығы болды.
- Алашорда атынан А.Байтұрсыновпен бірге Кеңес үкіметімен келіссөз жүргізді (1918 ж., наурыз).
- Аққұмда (Торғай) өзін тұтқындауға келген қызыл әскерлермен атыста оққа ұшты.
Дереккөздер
| ]- http://alash.semeylib.kz/?page_id=117
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9
- «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Санаттар:
- Туған жылы белгісіздер
- 1920 жылы қайтыс болғандар
- Алаш Орда қайраткерлері
- Ұлт-азаттық қозғалыстар қатысушылары
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Өмір Алмасов туралы ақпарат, Өмір Алмасов дегеніміз не? Өмір Алмасов нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!