Өмір жолында
| Өмір жолында | |
| Дорога жизни | |
| |
| Жанры | драма |
|---|---|
| Режиссёрі | |
| Сценарийдің авторы | Қабыш Сиранов |
| Басты рөлдерде | |
| Операторы | Александр Фролов |
| Композиторы | Александр Зацепин, Еркеғали Рахмадиев |
| Кинокомпания | Қазақфильм |
| Мемлекет |
|
| Тілі | орыс, қазақ |
| Шыққан жылы | 1959 |
«Өмір жолында» — толық метражды көркем фильм. 1959 ж. Алматы көркем және хроника фильмдер студиясы шығарған.
Сюжеті
| ]Поезд Мәскеуге жылжуда. Бір вагонда жиынға бара жатқан теміржолшылармен бірге Кеңестік Қазақстан туралы болашақ романы үшін ақпарат жинап жүрген қытай жазушысы жолда. Ол өз мұрағатында ескі газетті байқайды.
Газетте үздік Түрксібтің екпінді құрылысшыларының суреттері жарияланған. Олар вагон бойынша жазушының көршілері - бұрынғы құрылысшылар, қазіргі мемлекеттік қайраткерлер, теміржол басшылары болып шығады. Жазушының өтініші бойынша солардың бірі Оспан өзінің өмірі мен махаббаты туралы қайғылы оқиға айтып береді. Көрермендер алдында Түрксіб құрылысына қатынасты, Оспан, Хадиша, Борис, Кәрім, Игнатов пен Сәрсеннің қатысуымен, олардың байлар мен ақ гвардияшыларға қарсы күресі, Оспанның сүйікті әйелі - Хадишаның өлімі туралы оқиғалар өрбиді. Осы қиын күресте бұрынғы батырақ Оспан өсіп, шынығып, Социалистік Еңбек Ері, КСРО Жоғарғы Кеңес депутаты, теміржол транспортының бас маманының бірі болып атанады. Жазушы Оспанға әңгімесі үшін алғыс айтып, сол әңгіменің ішінде өз романы үшін керек ақпарат табады.
Рөлдерде
| ]- Оспан — Ыдырыс Ноғайбаев
- Хадиша — Зәмзәгүл Шәріпова
- Борис — Петр Филиппов
- Игнатов — Виктор Ахромеев
- Хәкім — Сейфолла Телғараев
Дереккөздер
| ]- Дорога жизни Мұрағатталған 12 ақпанның 2019 жылы.
- Алфавит бойынша фильмдер
- Pages with image sizes containing extra px
- 1959 жылғы фильмдер
- КСРО драма фильмдері
- Қазақфильм фильмдері
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Өмір жолында туралы ақпарат, Өмір жолында дегеніміз не? Өмір жолында нені білдіреді?




Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!