Өмірбек Бәйгелді
Өмірбек Бәйгелді (15 сәуір 1939 жыл, Ерназар ауылы, Жамбыл ауданы, Жамбыл облысы — 3 сәуір 2024, Астана) — қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері, зейнеттегі саясаткер, экономика ғылымдарының докторы. Бұрын Парламент Сенатының төрағасы (1996–1999), Қазақстан президентінің кеңесшісі (1995) және Жамбыл облысының әкімі (1990–1995) лауазымдарының иесі болған.
Қазіргі таңда Бәйгелді 1992 жылдан бері Қазақстан Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі және 1998 жылдан бері Қазақ ауылшаруашылық ғылымдары академиясының академигі болып келеді.
Өмірбаяны
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
Өмірбек Бәйгелді Жамбыл ауданының Қызыл Октябрь (қазіргі Ерназар) ауылында дүниеге келді. 1955 жылдың тамыз айынында Жамбыл облысының Жамбыл ауданындағы «Қызыл Октябрь» ұжымшарында жұмысшы ретінде мансабын бастады.
Алматы зооветеринарлық институтын (1962) ғалым-зоотехник мамандығы бойынша үздік бітірді.
1957 жылдың шілде айынан бастап комсомол ұйымының хатшысы. 1962 жылдың сәуір айынан бастап Жамбыл облысы Свердловск ауданы ауыл шаруашылығының өндірістік басқармасы ауылшаруашылық өнімдерінің дайындалуын бақылау бойынша аға зоотехнигі, бас зоотехнигі, жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы, бастығының орынбасары.
1966 жылдан Жамбыл облысы Жамбыл ауданы ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылығы өндірістік басқармасы бастығының орынбасары, бастығы және 1975 жылдың тамыз айынан Қазақстан Компартиясы Жамбыл облыстық комитетінің бөлім меңгерушісі.
1982 жылы КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. 1984 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Компартиясының Жамбыл облысы Қордай аудандық комитетінің бірінші хатшысы.
1990–1993 жылдары Жамбыл облысының №83 Қордай сайлау округінен сайланған ҚазКСР халық депутаты, заңнамалар, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері комитетінің мүшесі.
1990 жылдың сәуір айынан бастап Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы, және 1990 жылдың маусым айынан Қазақстан Компартиясы Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшысы. Сонымен қатар 1990 жылдың шілде айынан Жамбыл облыстық Халық депутаттары кеңесінің төрағасы.
1992 жылдың ақпан айынан бастап Жамбыл облысы әкімшілігінің басшысы қызметін бастаған, бұл қазіргі Жамбыл облысы әкімінің аналогы.

1995 жылдың желтоқсан айынан Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы, және 1999 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары. Бірінші қызметін 2011 жылғы дейін жалғастырса, екіншісін 2005 жылы ғана аяқтады. Астанадан тыстағы Ұлттық пантеонда жерленген.
Марапаттары
Ордендері және медальдері
- Еңбек Қызыл Ту ордені (1973);
- Халықтар Достығы ордені (1980);
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі (2001);
- Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі (2005);
- Қазақстан Парламентіне 10 жыл (2006).
Атақтары
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
- Жамбыл облысының құрметті азаматы.
Отбасы
Өмірбек Бәйгелді үйленген, оның жұбайы — Сүйіншәлиева Мәнсия Шандәулетқызы. Мәнсия Сүйіншәлиева мен Өмірбек Бәйгелдінің үш ұлы, Темір (1965 туған), Байнұр (1969 туған) және Дәуір (1972 туған) бар.
Қосымша ақпарат
- Өмірбек Бәйгелді атқарған Жамбыл облысының басшысы лауазымдарының түрлі атаулары болған: Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы (сәуір–шілде 1990), Жамбыл облыстық кеңесінің төрағасы (шілде 1990–ақпан 1992) және Жамбыл облыстық әкімшілігінің төрағасы (ақпан 1992–қазан 1995)
Дереккөздер
- Байгельди Омирбек (орыс.). zakon.kz. Тексерілді, 15 тамыз 2023.
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
- Құрастырушы авторы Асангелді Отаров Бәйдібек баба - Алып бәйтерек ұрпақтарының шежіресі. Шымыр. — Алматы: Издательство Өнер, 2007. — 816 б. — ISBN 978-601-209-017-8.
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Өмірбек Бәйгелді туралы ақпарат, Өмірбек Бәйгелді дегеніміз не? Өмірбек Бәйгелді нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!