Зайсан көлі
| Зайсан | |
![]() | |
| Морфометрия | |
|---|---|
| Теңiз деңгейiнен биіктігі | 420 м |
| Өлшемі | 105 × 48 км |
| Ауданы | 1810 км² |
| Тереңдігі | 15 м |
| Орташа тереңдігі | 46 м |
| Су алабы | |
| Құятын өзендер | Қара Ертіс, Көкпекті, Жарма, Кендірлік |
| Шығатын өзен | Ертіс |
| Орналасуы | |
| 48°00′00″ с. е. 84°00′00″ ш. б. / 48.00000° с. е. 84.00000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°00′00″ с. е. 84°00′00″ ш. б. / 48.00000° с. е. 84.00000° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Шығыс Қазақстан облысы |


Зайсан көлі – Қазақстанның көлдерінің Оңтүстік Алтай және Сауыр, Тарбағатай жоталары арасындағы тектоникалық ойыста жатқан тұщы көл. Көл теңіз деңгейінен 395 м биіктікте. Жағалауы жайпақ. Тектоникалық бөген көлдер типіне жатады.
Атаулары
| ]Үлкендігі жағынан Еуразияда Каспий, Байкал, Балқаш және басқа көлдерден кейін алтыншы орын алатын Зайсан көлі – Еуразия құрылығындағы ежелгі көлдердің эталоны, айналасы аңызға толы Еуразия көлдерінің арғы тегі. Ежелгі көшпенділермен алғашқы жиһанкездер Еуразия кіндігіндегі жаратылысы ерекше көлді өздерінше атады. Оның қызыл жарларын көрсетіп, Қызыл Пу; қазақ руының атымен Алдияр, теңізбен салыстыруға тұрарлық көл ретінде Теңіз; Зайсанг Нор немесе жай ғана Зайсанг деп те, ал кейіннен "асыл көл" дегенді білдіретін Зайсан деп те атады.
Су құрамы
| ]Суының минералдануы 100 мг/л-ден артпайды, түсі көкшіл, мөлдірлігі 1,3 м. Химиялық құрамы жағынан хлоролы-натрийлі. Жоғарғы деңгейі мамыр айы мен маусым айының бас кезінде, төменгісі қыста байқалады. Қараша - сәуір айларында мұз құрсанып жатады.
Су бассейні
| ]Зайсанға Қара Ертіс, Көкпекті, Жарма, Кендірлік өзендері құяды да, Ертіс (Ақ Ертіс) ағып шығады. Өзеннің жалғасы көл табанындағы ені 2 км, тереңдігі 10 м-ге дейін баратын ұзынша ор түрінде байқалады. Су режимі Қара Ертіспен байланысты.
Гидрографикасы
| ]Жазда таудағы қар ерігенде көл деңгейі көтеріледі. Қыста төмендейді. Су деңгейінің маусымдық ауытқуы 1 – 2,5 м. Ең төмен деңгейі сәуірдің басында байқалады. Ертістегі Бұқтырма СЭС-і салынғанға дейін көл айдынының аумағы 1788 км2, ұзындығы 111 км, ені 30 км, орташа тереңдігі 4 – 6 м (ең терең жері 10 м) болатын. Бөгет салынғаннан кейін көл Бұқтырма бөгеніне қосылып кетті. Көлемі артып, жаға сызығының пішіні өзгерді. Соңғы жылдары көлге құятын Қара Ертіс өзенінің суын Қытайда шамадан тыс пайдалану салдарынан Бұқтырма бөгенінің деңгейі төмендеп, аумағы кішіреюде. Қосылатын су мөлшері бұдан әрі азая берсе, Зайсан көлі бөгеннен оқшауланып, бұрынғы табиғи қалпына қайтып оралуы мүмкін.
Көлдің ихтиофаунасы
| ]Бүгінгі күні Зайсан көлінің ихтиофаунасы 21 түрден тұрады, оның ішінде 16 түрі байырғы немесе жергілікті балықтар болса, 5 түрі жерсіндірілгендердің қатарына жатады, яғни ол 24% құрайды. Әсіресе, бекіре, ақбалық, таймен, көксерке, табан, ақ қайран, сазан, т.б. көптеп ауланады. Табан, көксерке, алабұға, торта балықтарының таралу аумағы өте кең болып, көлдің барлық акваториясына жайылған, ал шортан көбінесе балық аулауға тыйым салынған жерлерде көп шоғырланған. Аққайран мен мөңке балықтарының бірнеше түрі шөптесін сияқты биотоптарда көбінесе өзендер шығанақтары мен жағалауларында кездеседі. Ал саны жағынан аз, сазан, қарабалық, нәлім сияқты балық түрлері сирек кездеседі. Бүгінгі күні жемдік қорға көлдегі табан балығы басымдылығының біраз азаюы салдарынан сазан, қарабалық, нәлім сияқты бағалы балықтар үшін өз санын көбейтуге мүмкіншіліктер туып отыр. Кәсіптік мәні жағынан төмен таутан мен торта балықтары саны жағынан көп емес. Көл маңында бірнеше балық кәсіпшілігімен айналысатын ауылдар (артельдер) бар. Суына ондатр жерсіндірілген. Көл айдыны кеме қатынасына пайдаланылады.
Дереккөздер
| ]- АЛТАЙДАН КАСПИЙГЕ ДЕЙІН. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ,ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ МЕН КӨРНЕКТІОРЫНДАРЫНЫҢ АТЛАСЫ. 3 томдық. Алматы. 2011. 1 т.–584 б., карталар, суреттер. ISBN 978-601-280-215-3, ISBN 978-601-280-216-0
- Д.К.Жаркенов (Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты).
- Қазақ энциклопедиясы, 4 том 3 бөлім
- Қысқаша энциклопедия. 2-том. Алматы, 1987.
- Алфавит бойынша көлдер
- Ақсуат ауданы көлдері
- Зайсан ауданы көлдері
- Көкпекті ауданы көлдері
- Күршім ауданы көлдері
- Тарбағатай ауданы көлдері
- Ертіс су алабы көлдері
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Зайсан көлі туралы ақпарат, Зайсан көлі дегеніміз не? Зайсан көлі нені білдіреді?





Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!