Зайсан қазаншұңқыры
Зайсан қазаншұңқыры – Қазақстанның шығыс бөлігіндегі ойыс.
Географиялық орны
Алтай тау сілемдері мен Тарбағатай-Сауыр таулары аралығында, Шығыс Қазақстан облысы аумағында, теңіз деңгейінен 395-1000 м жоғарыда жатыр. Жалпы ұзындығы 250 км, енді жері 140 км-ге дейін. Қазаншұңқыр батысында Шар-Көкпекті шоқыларына ұласады.
Геологиялық құрылымы
Палеозойдың қатпарлық іргетасы қазаншұңқырдың осьтік бөлігі арқылы 1600-1700 м тереңдікте өтеді. Оның бетін бор, палеоген, неоген және төрттік кезеңдерінің құрлықтық шөгінділері жауып жатыр.
Жер бедері
Өңірде шөлге және шөлейтке тән ландшафт басым. Ең ойыс жерінде Зайсан көлі мен Бұқтырма бөгенінің оңтүстік бөлігі орналасқан.
Климаты, топырағы
Климаты тым континенттік. Қаңтар айындағы ауаның жылдық орташа температурасы –21°С. Кейбір жылдары температура –49°С-қа дейін төмендейді. Шілде айындағы жылдық орташа температура 22°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300 мм шамасында. Қазаншұңқыр аумағында батыс, оңтүстік-батыс бағыттан күшті желдер соғады. Топырағы қоңыр, қызғылт қоңыр, шығыс бөлігінде құмды топырақтар басым. Суғармалы егіншілік, мал шаруашылығы дамыған.
Дереккөздер
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Зайсан қазаншұңқыры туралы ақпарат, Зайсан қазаншұңқыры дегеніміз не? Зайсан қазаншұңқыры нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!