Мөңке балық
Мөңке (лат. Carassius carassius) — тұқы тұқымдасына жататын балық.

Қазақстанда Жайық, Жем, Ырғыз, Торғай, Нұра, Ертіс өзендерінің су алабында кездеседі. Өзен, көл тартылғанда, не су қатқанда 70 см-ге дейін су түбіндегі лайға көміліп, қатты суықтан не ыстықтан сақтанады.
Ұзындығы 35 – 38 см-дей, салмағы 2 кг-дай. Мөңкенің бүйірі алтын сияқты сары түсті, жүзбе қанаттары қызыл-қоңыр, ал арқасы қара түсті болады. Қабыршағы тегіс. Жыныстық жағынан аналығы 3 – 4, аталығы 2 – 3 жасында жетіледі. Уылдырығын (300 мыңдай) мамыр – маусым айларында су температурасы 17 – 18 °C болғанда су түбіндегі шөп арасына шашады. Бұлар негізінен зоопланктонмен, зообентоспен және өлексемен (детритпен) қоректенеді. Қорек ретінде өсімдікті сирек пайдаланады. Мөңкенің кәсіптік маңызы бар.
Мөңке балық - тұщы су тұқы балықтар туысына жатады. Ұзындығы 45 см, салмағы 3 кг. Арқасы қара-қоңыр, денесінін екі жағы алтын түстес, жыныстық жетілуі 4-5 жылға созылады. Өсімталдығы, 300 мың уылдырық шашады. Планктонмен, жәндіктер дернәсілдерімен, өсімдікпен ректенеді. 2 түрі бар: алтын мөңке және бозша мөңке. Еуразия қоймаларында таралған.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
- Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
![]() | Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Carassius carassius |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Мөңке балық туралы ақпарат, Мөңке балық дегеніміз не? Мөңке балық нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!