Торта балық
Торта (қаракөз) (Rutіlus rutіlus) – тұқытәрізділерге жататын жартылай өткінші балықтар.

Торта Еуропада, Батыс және Солтүстік Азияда таралған. Қазақстанның су айдындарында кең тараған, негізінен тұщы суларда болады. 5 түр тармағы (кәдімгі, Сібір, Арал, Каспий және Шалқар торталары) бар. Соңғы деректер бойынша Каспий тортасы (R. caspіcus) жеке түр ретінде қарастырылады.
Тортаның ұзындығы 50 см, салмағы 1500 г. Жыныстық жағынан 3 – 5 жасында жетіледі. Уылдырығын (2,5 – 147 мыңдай) сәуір – мамыр айларында шашады. Тұщы суда тіршілік ететіндері планктон және бентоспен, ал өткінші түрлері негізінен қосжақтаулы моллюскалармен және шаянтәрізділермен қоректенеді.
Торта кәсіптік маңызы бар балық, әуесқойлық жолмен де ауланады.
Дереккөздер
- Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Торта балық туралы ақпарат, Торта балық дегеніміз не? Торта балық нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!