Жезқазған облысы
Жезқазған облысы — Қазақ КСР (1973—1991) және Қазақстан Республикасының (1991—1997) құрамындағы әкімшілік бірлік. Әкімшілік орталығы - Жезқазған қаласы.
Облыс | |
Жезқазған облысы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Кіреді | Қазақ КСР, Қазақстан |
Енеді | 7 аудан |
Әкімшілік орталығы | Жезқазған |
Партияның облыстық комитетiнiң бiрiншi хатшысы | Груздев Юрий Владимирович (1990-1991) |
Әкім | Нағманов Қажмұрат Ибрайұлы (1995-1996) |
Тарихы мен географиясы | |
Құрылған уақыты | 20 наурыз 1973 |
Таратылған уақыты | 3 мамыр 1997 |
Жер аумағы | 313 400 км² |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 496 007 адам (1989) |
|
Географиясы
Облыс Қазақстанның орталық бөлігінде орналасты. Ауданы 313,4 мың.км².
Тарихы
1973 жылдың 20 наурызында Қазақ КСР құрамында Қарағанды облысының оңтүстік бөлігінен құрылған. Сонымен бірге облыста Ақадыр ауданы құрылды.
1973 жылы 24 желтоқсанда облыстық бағыныстағы Никольский қаласы құрылды.
1974 жылы 10 қарашада Жезқазған ауданы Ұлытау ауданы болып өзгертілді.
1977 жылы 15 ақпанда Приозёрный ауданы құрылды.
1990 жылы 13 қыркүйекте облыстық бағыныстағы Никольский қаласы Сәтбаев қаласы болып өзгертілді.
1991 жылдан бері Қазақстан Республикасының құрамында.
1993 жылы 4 мамырда Приозёрный ауданы Тоқырауын ауданы болып өзгертілді.
1997 жылы 3 мамырда Жезқазған облысы таратылып, қайтадан Қарағанды облысының құрамына енді.
2022 жылы 8 маусымда бұрынғы Жезқазған облысының батыс бөлігінде Ұлытау облысы құрылды.
Әкімшілік бөлінуі
1989 жылы Жезқазған облысының құрамына 4 облыстық бағыныстағы қала және 7 аудан кірді:
№ | Аудан (қалалық кеңес) | Орталығы | Халқы (1989), адам |
---|---|---|---|
1 | Балқаш қалалық кеңесі | Балқаш | 100 533 |
2 | Жезқазған қалалық кеңесі | Жезқазған | 128 872 |
3 | Қаражал қалалық кеңесі | Қаражал | 17 849 |
4 | Никольский қалалық кеңесі | Никольский | 71 759 |
5 | Ақадыр ауданы | Ақадыр | 43 548 |
6 | Ақтоғай ауданы | Ақтоғай | 16 390 |
7 | Жезді ауданы | Жезді | 20 476 |
8 | Жаңаарқа ауданы | Атасу | 38 664 |
9 | Приозёрный ауданы | Озёрный | 17 613 |
10 | Ұлытау ауданы | Ұлытау | 11 592 |
11 | Шет ауданы | Ақсу-Аюлы | 26 860 |
Әкімдері
Қазақстан КП Жезқазған облыстық комитеті
- Григорий Петрович Юрченко (1992–1994)
- Альберт Гергардович Саламатин (1994)
- Қажымұрат Ыбырайұлы Нағыманов (1994–1996)
- Ерлан Байкенұлы Смаилов (1996–1997)
Сілтемелер
- Всемирный исторический проект Мұрағатталған 7 қаңтардың 2008 жылы.
Дереккөздер
- Всесоюзная перепись населения 1989 ж.. Басты дереккөзінен мұрағатталған 19 ақпан 2012.
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Жезқазған облысы туралы ақпарат, Жезқазған облысы дегеніміз не? Жезқазған облысы нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!