Жақсы Тағылы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жақсы Тағылы
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Сарыарқа

Пайда болған кезеңі

Девон, тас көмір

Ұзындығы

35-40 км

Ені

15-20 км

Биіктігі

1076 м

Орналасуы

48°37′36″ с. е. 73°02′13″ ш. б. / 48.62667° с. е. 73.03694° ш. б. / 48.62667; 73.03694 (G) (O) (Я)Координаттар: 48°37′36″ с. е. 73°02′13″ ш. б. / 48.62667° с. е. 73.03694° ш. б. / 48.62667; 73.03694 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

image Қазақстан, Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде

image
Жақсы Тағылы (Қазақстан)
image
Жақсы Тағылы
image
image
Жақсы Тағылы

Жақсы Тағылы – Сарыарқаның оңтүстік бөлігіндегі тау.

Географиялық орны

 | ]

Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде. Жақсы Сарысу, Қайрақты және Жаман Сарысу өзендері аралығында бойлық бағытта созылып жатыр.

Жер бедері

 | ]

Абсолюттік биіктігі 1076 м. Ұзындығы оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 35–40 км, ені 15–20 км. Аласа қырқалардан, күмбез және саңырауқұлақ тәрізді көптеген шоқылар мен төбелерден тұрады. Оңтүстік беткейі тіктеу, солтүстікке қарай көлбеуленіп жазықты белестерге ұласып кетеді. Беткейлері сай-жыралармен тілімденген.

Геологиялық құрылымы

 | ]

Девон мен тас көмірдің альбитофир, порфирит жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі

 | ]

Қызғылт қоңыр қиыршықтасты топырағында қараған, тобылғы аралас бетегелі-бозды дала өсімдіктері өседі. Қысқы мал жайылымы ретінде пайдаланылады.

Дереккөздер

 | ]

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Жақсы Тағылы туралы ақпарат, Жақсы Тағылы дегеніміз не? Жақсы Тағылы нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *