Жақсы Сарысу
| Жақсы Сарысу өзені | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 103 км |
| Су алабының ауданы | 3510 км² |
| Су алабы | Сарысу |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Бұғылы, Жақсы Тағылы таулары |
| • Координаттары | 48°54′19″ с. е. 73°07′17″ ш. б. / 48.90528° с. е. 73.12139° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Сағасы | Сарысу өзенінің оң жағы |
| • Координаттары | 48°40′32″ с. е. 71°35′41″ ш. б. / 48.67556° с. е. 71.59472° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°40′32″ с. е. 71°35′41″ ш. б. / 48.67556° с. е. 71.59472° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | |
| Аймақ | Қарағанды облысы, Ұлытау облысы |
Жақсы Сарысу – Сарысу алабындағы өзен.
Географиялық орны
| ]Қарағанды облысы Шет және Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 113 км, су жиналатын алабы 3510 км².
Бастауы
| ]Сарыарқаның ортаңғы бөлігіндегі Бұғылы, Жақсы Тағылы тауларынан басталады да Сарысу өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрологиясы
| ]Қар және жер асты суларымен толығады. Жоғарғы жағында арнасы тар келеді. Саға төңірегінде кеңейіп, жайылмасы қалыптасады. Ірі салалары – Ақсу (40 км), Нарбақ (28 км). Жылдық орташа су ағымы 0,33 – 0,67 м³/с. Қараша – сәуір айларында мұзы қатады. Ағынын реттеу және шабындықты көлдетіп суғару үшін Нарбақ саласы құйған жерінен шағын бөген салынған. Мал суарылады. Алабы – жайылым.
Дереккөздер
| ]- Алфавит бойынша өзендер
- Жаңаарқа ауданы өзендері
- Шет ауданы өзендері
- Сарысу су алабы
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Жақсы Сарысу туралы ақпарат, Жақсы Сарысу дегеніміз не? Жақсы Сарысу нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!