Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Исағали Шәріпов (15.1.1905, қазіргі Астрахан облысы Марфинск ауданы Долгое ауылы — 24.2. 1976, Мәскеу қаласы) — саяси қайраткер. Астрахан губерния кеңес-партия мектебін (1925), Шығыс халықтары еңбекшілерінің Коммунистік ун-тін (1932) бітірген. 1921 — 1924 ж. Астрахан губерния, Красноярск у-нде кеңес қызметкері, облыстық комсомол к-тінің хатшысы, 1926 — 1929 ж. Астрахан губ. партия к-ті жанындағы қазақ бөлімінің жауапты хатшысы, 1932 — 1934 ж. Оңтүстік Қазақстан облысындағы “Мақтаарал” кеңшарында насихатшылар тобының жетекшісі, 1934 — 1937 ж. Ақмола (қазіргі Астана) қаласындағы Жоғары ауыл шаруашылқ мектебінде бөлім, кафедра меңгерушісі, проректор қызметтерін атқарды. 1938 — 1939 ж. Семей облысы атқару к-тінің төрағасы, 1939 — 1953 ж. Қазақ КСР-і Мин. Кеңесі төрағасының орынбасары әрі 1941 — 1945 ж. және 1956 — 1961 ж. КСРО Мин. Кеңесі жанындағы Қазақ КСР-і Мин. Кеңесінің тұрақты өкілі болды. 1953 ж. Алматы қалалық атқару к-тінің төрағасы, 1954 — 1956 ж. Қазақ республикалық кәсіподақтары кеңесінің төрағасы, 1961 — 1965 ж. Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы қызметтерінде болып, республиканың жан-жақты дамуында өзіндік рөл атқарды. Шәріпов 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Сілтемелер
| ] - «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том.
Жасырын санат:
- Еш медиа файлы жоқ мақалалар
- Уикилендіруі қажет мақалалар
- ISBN сиқырлы сілтемелері қолданылған беттер
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Исағали Шәріпов туралы ақпарат, Исағали Шәріпов дегеніміз не? Исағали Шәріпов нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!