Әбдісәмет Қазақбаев
Әбдісәмет Қазақбаев (1898, Қаракеңгір өзені бойы, Ұлытау болысы, Сырдария облысы — 1959, 26 шілде, Алматы) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы (17 шілде 1938 жыл – қаңтар 1947 жыл).
Өмірбаяны
Арғын тайпасының Тарақты руынан шыққан.
- 1924—1937 жылдарда Ақмола ауданында ауылдық Кеңес хатшысы, төрағасы, колхоз басқармасы.
- 1937—1938 жылдарда аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары
- 1938 жылы Қарағанды облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды.
- 16 шілде 1938—18 наурыз 1947 жылдар аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы, Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті бюросының мүшесі.
- 1947 жылғы наурыз айында қызметінен босатылды.

- 1959 жылдың 26 шілдесінде Алматыда қайтыс болды. Қаланың Орталық зиратына жерленді.
Қоғамдық қызметі
- КСРО Жоғары Кеңесінің 1 және 2-шақырылымына депутат болып сайланды.
- Қазақ КСР Жоғары Кеңесіне бірнеше рет депутат болып сайланды.
Марапаттары
- 2 рет Ленин ордені
- Еңбек Қызыл Ту ордені және т.б. медалдармен марапатталған.
- Яһуда Амандықов = Орта жүздің Ноқта ағасы Тарақты шежіресі — Алматы: Комплекс, 2009. — 1120 б. — 2000 таралым. — ISBN 965-611-88-2.
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Әбдісәмет Қазақбаев туралы ақпарат, Әбдісәмет Қазақбаев дегеніміз не? Әбдісәмет Қазақбаев нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!