Ұзақбай Қараманұлы Қараманов
Ұзақбай Қараманұлы Қараманов (20 тамыз 1937 жыл, Қызылорда облысы — 25 қыркүйек 2017 жыл, Алматы) — қазақстандық және кеңестік мемлекеттік қайраткер, саясаткер, инженер және академик. 1990–1991 жылдары Қазақ КСР тұңғыш әрі соңғы Премьер-Министрі, оған дейін 1989 жылдан бері Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің соңғы төрағасы болды. 1994–1999 жылдары Құрылысшылар одағының Президенті болды.
Ұзақбай Қараманұлы Қараманов | |||||||
![]() Қараманов, 1990 жылдар | |||||||
Лауазымы | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||
1 желтоқсан 1999 — 20 маусым 2007 | |||||||
| |||||||
қазан 1991 — 1993 | |||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | ||||||
| |||||||
20 қараша 1990 — 16 қазан 1991 | |||||||
Ізашары | лауазым пайда болды; Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы ретінде өзі | ||||||
Ізбасары | лауазым жойылды; Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ретінде Сергей Терещенко | ||||||
| |||||||
25 наурыз 1990 — 11 наурыз 1995 | |||||||
Төраға | Ерік Асанбаев Серікболсын Әбділдин Әбіш Кекілбайұлы | ||||||
| |||||||
27 шілде 1989 — 20 қараша 1990 | |||||||
Ізашары | Нұрсұлтан Назарбаев | ||||||
Ізбасары | лауазым жойылды; Қазақ КСР Премьер-Министрі ретінде өзі | ||||||
Өмірбаяны | |||||||
Партиясы |
| ||||||
Білімі | Куйбышев құрылыс институты | ||||||
Ғылыми дәрежесі | Техника ғылымдарының кандидаты | ||||||
Дүниеге келуі | 20 тамыз 1937 Ұялы ауылы, Арал ауданы, Қызылорда облысы, Қазақ КСР, КСРО | ||||||
Қайтыс болуы | 25 қыркүйек 2017 (80 жас) Алматы, Қазақстан | ||||||
Жерленді | Кеңсай зираты | ||||||
Жұбайы | Ұлдай Рахметоллаева | ||||||
Балалары | 3 | ||||||
Әскери қызметі | |||||||
Атағы | полковник | ||||||
Марапаттары |
| ||||||
өңдеу ![]() |
Өмірбаяны
Әлімұлы тайпасының Шекті руының Үсен бөлімінен шыққан.
- 1959 жылы Куйбышев (Самара) қаласындағы инженерлік құрылыс институтын бітірген.
- 1959–1964 жылдары Шұбарқұдық автобазасында прораб,
- «Қызылорда құрылыс» тресінде инженер, басқарма бастығы
- 1964–1980 жылдары «Алматы өнеркәсіп құрылысы» тресінде аға прораб, комбинат директоры, Қазақстан Компартиясы ОК-нің іс басқармасының қызметкері, Жеңіл және тамақ кәсіпорындары құрылысы басқармасының бастығы, Қазақ КСР ауыр өнеркәсіп министрлігінің Алматы құрылыс Бас басқармасының және Құрылыс индустриясы Бас басқармасының бастығы
- 1980–1984 жылдары Қазақ КСР жеңіл өнеркәсіп министрлігінің орынбасары, «Қазақтың су тасқындарынан қорғану құрылысы» Бас басқармасының бастығы
- 1984–1989 жылдары Қазақ КСР құрылыс министрлігінің 1-орынбасары, Қазақ КСР мемлекеттік жабдықтау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.
- 1989–1990 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы
- 1990–1992 жылдары Қазақ КСР премьер-министрі болды.
- 1991 жылғы қазаннан — ҚР мемлекеттік кеңесшісі.
- 1993 жылғы сәуірден — Аралды құтқару Халықаралық қорының атқарушы директоры.
- 1994 жылғы наурыздан — депутат, ҚР Жоғарғы Кеңесі Табиғатты пайдалану және экология комитетінің төрағасы, «Қазақстан халықтық конгресі» партиясынан ұсынылған.
- 1995 жылғы сәуірден — «Қазконтракт» республикалық келісімшарт корпорациясының вице-президенті.
- 1998 жылғы сәуірден — «Қомақ-Инвест» қаржылай-кәсіпшілік тобының президенті. Бір уақытта, 1998 жылдан - ҚР Құрылысшылар одағының президенті.
- 1999 жылғы қазаннан — ҚР Парламенті Мәжілісі 2-шақырылымының депутаты (№37 Қызылорда облысының Аралмаңы сайлау округінен, «Отан» РСП атынан). Аймақтық дамыту және экономикалық қайта құру комитетінің мүшесі.
- 2004 жылғы қазаннан 2007 жылға дейін — ҚР Парламенті Мәжілісі 3-шақырылымының депутаты.
- ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің 11, 12, 13-шақырылымдарының депутаты.
- КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қызылорда, Гурьев және Талдықорған облыстарынан ұсынылған. КОКП ОК (1990-1991), Қазақстан Компартиясы Саяси бюросының (1990-1991), ҚазКСР Президенттік кеңесінің (1990) мүшесі. Қазақстан Құрылысшылар одағының негізін салушы.
Марапаттары
Қараманов
- II дәрежелі Барыс орденімен;
- Қызыл Ту ордендерімен;
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің медальдарымен;
- ҚР мерейтой медальдарымен;
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамоталарымен;
- КСРО Министрлер кеңесі сыйлығымен;
- Еуропа қоршаған ортаны қорғау облыстық «Алтын глобус» сыйлығымен;
- Қызылорда облысының Құрметті азаматтығымен
марапатталған.
Шендері, әскери атақтары
Әскери атағы — отставкадағы полковник.
Отбасы
Қараманов үйленген болатын. Жұбайы — Раметоллақызы Ұлдай (1937 жылы туған). Ұлдары: Асқар (1961 жылы туған), Нұрлан (1965 жылы туған), Дәулет (1970 жылы туған) Қарамановтар.
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Ұзақбай Қараманұлы Қараманов туралы ақпарат, Ұзақбай Қараманұлы Қараманов дегеніміз не? Ұзақбай Қараманұлы Қараманов нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!