Ұлт-азаттық күрес

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ұлт-азаттық күрес — отарлық және өзге де езгіден арылып, тәуелсіздікке қол жеткізу үшін, өзіндік ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру үшін жүретін күрес. Қазақ халқы мүндай ұлт-азаттық күрестің бірнешеуін басынан өткерді.

XVIII— XIX ғасырларда қазақ халқы сырттан төнген экспансияға қарсы үздіксіз күрес жүргізді. Қазақ қоғамы XVIII ғасырдың алғашқы жартысында Жоңғар хандығымен, оның артын ала Цинь империясымен, Орталық Азия хандықтарымен өз еркіндігі үшін тынымсыз күрес жүргізіп, ең соңында Ресей империясымен бетпе-бет келді. Мешеу көшпелі мал шаруашылығына сүйенген және өз ішіндегі феодалдық алауыздықты жеңе алмаған Жоңғар хандығы жеңіліске ұшырап, жері Цинь патшалығына қарады. Шамамен осындай дөрежедегі қазақ елін Ресей империясы өзіне қосып алды. Сөйтіп, екі-үш ғасыр бойы Орталық Азиядағы елеулі күш ретінде танылған қазақ және жоңғар мемлекеттері көрші қуатты империялардың тегеурінді ілгері жылжуын тоқтата аларлықтай қарсылық көрсете алмады. Қараңыз: Жоңғар шапқыншылығы; Аңырақай шайқасы; Бұланты шайқасы; Орбулақ шайқасы; Кенесары Қасымулы; Сырым Датулы; Исатай Тайманулы; Махамбет Өтемісулы; Әбдіғаппар Жанбосынулы.

Дереккөздер

 | ]
  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3


wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Ұлт-азаттық күрес туралы ақпарат, Ұлт-азаттық күрес дегеніміз не? Ұлт-азаттық күрес нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *